Ежелгі қала – Отырар

Біз ежелгі қалалардың қалай пайда болғанын білеміз.

      Қазбалардан қыш ыдыстар, әшекейлер, темірден, алтыннан соғылған бұйымдар табылды. Бұл Отырар қаласында ағаш, темір, қыш шеберлері тұрғанын дәлелдейді.

    Сенің алдыңда қазба жұмыстары ашылған ежелгі Отырар қаласының суреті бар. Археологтер табылған әр затты зерттеу үстінде. 

      Қыштан бұйым жасайтын шеберлерді көзеші дейді. Суретте көзешілердің жасаған ыдыстары бейнеленген. Ондай ыдыстарды қазіргі кезде кездестіруге бола ма?

  Шеберлердің, темір ұсталарының қолынан шыққан заттар Ұлы Жібек жолы арқылы дүние жүзіне тараған.

Суретте шеберлер ыдысты қалай безендіруге тырысқан?

Суретке сипаттама бер. Ұста қалай жұмыс істейді? Суреттен қандай дайын заттарды көріп тұрсың?

       Археологтер Отырардан күміс тиындардың қоймасын тапты. Мұнда күміс тиындарды шекитін теңге сарайы болған. Күміс бетін әшекейлеу үшін құралмен өрнек салады. Оны шеку деп атады.

Отырар қаласында өнер сүйген шеберлердің көп болғаны нені білдіреді?

1. Қолөнер шеберлерінің елімізде әлі де бар екенін сен білесің. Оны немен дәлелдеуге болады? Ойланып, жауап беріп көр.

2. Ағаш шеберлері не жасайды? Ұсталар ше? Олардың еңбектерінің бір-бірінде ұқсастығы бар ма? Болса қандай?

×
×

Корзина