Судың адам тіршілігі үшін маңызы зор болғандықтан, Ежелгі Грекия өнерінде cудың символдық бейнесі пайда болған. Сәулет өнерінде, киім-кешек, ыдыс-аяқтарда өзен аттас «меандр» деп аталатын өрнек болды. Өрнекте өзеннің иірімді жағасы мен су ағыны бейнеленген. Сан ғасыр өтсе де, бұл өрнек түрі Грекиядағы ғана емес, басқа елдердегі бұйымдарға да сән беріп тұр.Аталған өрнек негізінде басқа өрнектер пайда болды. Оны әр халықтың қолөнерінен көре аласың.