Қазір біздің Қазақстанда экология және табиғатты қорғау тақырыбы – көкейкесті мәселелердің бірі. Ол теле-радиода, интернет желісінде, халықтың ортасында жан-жақты талданып жатыр.
Сені де бұл мәселе толғандыруы тиіс. Себебі, сен туған жердің табиғатын қорғауға осы жастан бастап дайын болуың керек.
Осы тақырыпқа байланысты сыныппен бірге бейнетаспаны тамашала.
Бейнетаспа авторы – Махмұтова Гүлзат, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы №3 орта мектебінің түлегі.
Мына сұрақтарға жауап бер:
• Бейнетаспада автор қандай мәселені көтерген?
• Қандай көріністер сені қатты ойландырды, толғандырды?
• Сен туған жеріңді көркейту үшін қазірден бастап қандай жұмыстар жасар едің? Пікіріңді айт.
• Өз Отанына, жеріне сүйіспеншілікті музыка арқылы көрсе туге бола ма?
Жерім құлпырды, барын берем деп,
Елім жасап-ау жатыр ерен еңбек.
Ырысымыз тасып жатыр,
Алға бастық жеделдеп.
Қайырмасы:
Жайнап өмір жұлдыз көгінде,
Тұр ғой жарқырап.
Көңіл көзді көп арбайды,
Қиялымды түгел тартып ап.
Отан-Анадан қуат аламыз,
Алға жеңіспен біз барамыз.
Бақта бұлбұл сайрайды ұзақ,
Жайнайды кең даламыз.
Қайырмасы.
Әннің әуенін еске алып, өлеңін қайталап оқы.
Мына сұрақтарға жауап бер:
• Неге авторлар әнді «Отан-Ана» деп атаған?
• Әнде табиғаттың қандай көріністері бейнеленеді?
• Әуені қандай екпінде және қандай сезіммен орындалады?
• Берілген сөздерден дұрысын тауып, түсінігіңді айт.
толғандырып
сүйіспеншілікпен
асықпай
жылдам
сырластықпен
Сыныппен бірге әннің екінші шумағын әуенімен қосып, сезіммен мәнерлеп орында.
Мына сұрақтарға жауап бер:
• Композитор әнде қандай музыкалық көркемдеуіш құралдарды қолданды? Екінші сыныпта өттің. Есіңе түсір, түсінгеніңді айтып бер.
Музыкалық көркемдеуіш құралдар қатарына штрихтар (нем. strich – cызықша) да жатады.
Штрих дегеніміз дыбыс шығару тәсілі. Бір дыбыс немесе бірнеше дыбыс қатары әртүрлі тәсілмен шығарылады. Дыбысты үзбей жалғастырып, әр дыбысты бөлек, әр дыбысты үзіп-үзіп шығаруға болады. Бұл әртүрлі дыбыс шығару тәсілдер штрих деп аталады.
• Легато (итал. legato «байланыс») – дыбыстар үзбей жалғастырылып, байланыс түрінде орындалады, нота жазылымында лигамен белгіленеді. – 1-үлгі.
• Нонлегато (итал. nonlegato – «бөлек») – әр дыбыс бөлек орындалады, нота жазылымында белгісі жоқ. – 2-үлгі.
• Стаккато (итал. staccato «үзіп») дыбыстар үзіліп, қысқа түрде орындалады, нота жазылымында нотаның үстінде, не астында нүкте қойылады. – 3-үлгі.
Жазылу түрлерінің үлгісі:
• Үлгіге қарап, сыныппен бірге штрихтарды орында.
• Тақырып бойынша тыңдаған және үйренген «Сыбызғы, сазсырнай», «Көңілді саяхат», «Япурай», «Отан-Ана» әндері қандай шрихтармен орындалады?
Алтын ұя – табиғатым, бесігім,
Сенде алғаш аштым өмір есігін,
Шырағымсың, жыр-әнімсің.
Қайырмасы:
Мәшинеміз ыңғайлы,
Айтқаныңды тыңдайды.
Кәне, мінейік, жүрейік,
Мәшинеміз зырлайды.
Па-пап! Па-пап!
Байтақ далам – тіршілігім, тынысым,
Шалқар байлық, сарқылмайтын ырысым,
Алтын таңым, жарқын әнім.
Қайырмасы:
Жарқын жазым – табиғатым, жайлауым,
Гүл бағында сандуғаштай сайрауым,
Ән тынбасын, ел тыңдасын.
Қайырмасы:
Әнді ереже бойынша үйрен.
• Әннің мазмұнына көңіл бөл. Әнде қандай мәселе айтылған?
• Сен бұл мәселені шешуге дайынсың ба?
Ойынның шарты. Оқушылар «Табиғатты аялайық» тақырыбына арналған бейнежазбаны көреді. Әр топ «Табиғатты бірге аялайық!» ұран орнына сөздерге әуен шығарады. Табиғат қорғауға байланысты шағын жоспар құрып, таныстырылым жасайды және қорғайды. Жоспармен таныстыру барысында сабақтарда өткен музыка мен әндерді неғұрлым көбірек пайдаланса, сол топ жеңіске жетеді.
2. «Кемпірқосақ» әнінің қайырмасындағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, дәптеріңе жаз:
Қызыл түсті … ,
… түсті сарғалдақтай,
Көгілдірі көк …
Көгі … жарасқандай,
Ел қызыға … ,
… ғажап қандай?
Па-пап …
Мініңдер …
… көңілдер.
Туған жердің …
… көріңдер.
… , қурай, ағаштан
Түтікше боп …
Үрлемелі … ,
Дыбысы … сызылған.