ТЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ БЕЙНЕЛЕЙМІЗ?

        Бәлкім, күн сәулесі түскен судың беті мың құбылатындықтан болар, суретшілер суды бейнелегенді ұнатады. Реңк дегеніміз не және суретші оны палитрада қалай шығаратынын есіңе түсір. Сен Айвазовский мен Тёрнердің жұмыстарымен таныссың. Басқа суретшілердің су мен теңізді қалайша түрлендіріп салатынына қарашы.

     Голланд суретшісі В. Ван Гогтің туындысындағы теңіз қалың жағылған бояумен салынған. Ол дәл осылай толқынның қозғалысы мен иірімдерін береді. Суретші суреттерін майлы бояумен салған. Сен теңізді гуашьпен бейнелей аласың.

В.Ван Гог. Сент-Маридегі теңіз

Гуашь бояулары мен бояу жағындысының әсерлілігі туралы білетініңді есіңе түсір.

      Теңіз толқынын дәл беру үшін гуашь бояуларымен, қылқаламмен, бояу жағындысымен бейнелеуге болады (1). Сондай-ақ палитрада керек түстерді шығарып, умаждалған газетті бояуға мала отырып, қағазға толқын тәрізді иректеп жағуға болады. Сонда тулаған толқын пайда болады (2).

     Теңізді акварельмен бейнелесе өте әдемі көрінеді. Акварельмен салынатын сурет дәлдік пен жылдамдықты талап етеді, бояу кеуіп кетпей, қағазға еркін жағылуы тиіс. Австралиялық суретші Джозеф Збуквич акварельмен тамаша теңіз пейзаждарын орындайды.

Акварель бояуларының ерекшелігі туралы білетініңді есіңе түсір.

1

2

      Акварель – суды жақсы көретін бояу. Палитрада керекті түстерді шығар. Қағаз парағын сулап, дымқыл парақтың бетіне акварельмен жұмысыңды баста. Бояу езіліп, басқа реңктермен қосылып, жаңа реңктер мен су ағындылары пайда болады (1).
      Ал егер сен көбікті толқынды бейнелегің келсе, дымқыл суреттің бетіне тұз себуіңе болады. Тұз кейбір жерлердегі бояуды сіңіріп, көбікті су тәрізді болады (2). Тұздың артығын сілкіп тастай аласың.

       Теңіз тек көк түсті болмайды екен. Су жарықтың түсуіне қарай күлгін, қызыл, сары, тіпті жасыл болып көрінуі мүмкін.

       Түрлі бейнелерді нүкте тәріздес жағылған бояулармен өте әсерлі етіп бейнелеген суретшілер « пуантилизм » (француздың «пуант» сөзі «нүкте» деген мағынаны білдіреді) деп аталатын жазу мәнерін ойлап тапты.

П.Синьяк. Сен-Тропедегі порт

П. Синьяктің «Сен-Тропедегі порт» картинасынан көрініс

     Пуантилист-суретші Поль Синьяктің картинасына алысырақтан қарасаң, күн сәулесінен құбылған теңізді көруге болады. Ал егер жақынырақ үңілсең, онда көз қарықтырған түс пен реңктің жүздеген нүктесі арқылы айдын судың кереметін көре аласың.

     Суретшінің жұмыстарына зейін қойып қарап, түстер мен реңктердің көптеген түрін байқауға тырыс.

     Қажетті түсті бояуларды палитрада араластыру арқылы ғана емес, сонымен қатар түсті дақтарды қатарлап жағу арқылы да алуға болады екен. Мұндай тәсіл оп тикалық араластыру деп аталады. Пуантилистер оны табиғаттың ерекше құбылысын беру үшін пайдаланады. Майда, ұсақ дақтар жылт-жылт етіп, ауа қозғалысын көрсеткендей.

1. Өлшемі кіші екі қағаз парағын ал (5×4 см ). Қағаздарға қылқаламмен немесе матрицамен көгілдір түстің әртүрлі реңктерімен нүктелер салып шық. Оларды кептір.

2. Одан соң көгілдір нүктелердің арасына қызғылт түстің әртүрлі реңктерімен нүктелер қой.
3. Екі қағазды қатар қойып, оларға алыстан қара. Әрбір парақтың түсін анықта. Сен жаңа түсті қандай тәсілмен шығардың? Қорытынды жаса.

2

3

1. Мына түске алыстан қара.
2. Ол қалай алынған? Толық жауап бер.

     Кәне, біз де пуантилист-суретшінің тәсілімен жұмыс істеп көрейік. Саған өлшемі 15×20 ñì түрлі түсті қатты қағаз, жай қарындаш, гуашь бояуы, басы дөңгелек қылқалам, палитра, су құятын ыдыс, қол сүртетін орамал керек.

                                    ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

1. Қағазға суретіңнің сыртқы кескінін сал.
2. Палитрада теңізді бейнелейтін бояу реңкін шығарып, теңіздің бетін бір-бірінен алшақ нүктелермен толтыр.
3. Желкеннің түсін таңдап, орналасқан жеріне нүктелерді сал.
4. Теңіздің тағы бір түс реңкін таңдап алып, нүктелерді қойып шық.
5. Осылайша әртүрлі реңктермен жұмыс істе.
6. Желкенге де реңктерді таңдап, оны алуан түрмен беріп көр.
7. Күнді де нүктелермен толтырып шық.Саған пуантилист-суретші ретінде жұмыс істеген ұнады ма?

×
×

Корзина