Біздің елімізде көптеген мемлекеттік және кәсіби мерекелер бар. Адамдар мереке күндері демалады, қонақ күтеді, өздері де қонаққа барады, саябақ пен демалыс орындарын аралайды.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Біздің елімізде 125-тен астам ұлт пен ұлыс тұрады. Бұл күні әртүрлі ұлт өкілдері ұлттық киімдерін киеді. Қала көшелерінде қызықты ойын-сауық пен қойылымдар ұйымдастырылады. Ұлттық орталықтар өз ұлтының мәдениеті және дәстүрімен таныстырып, концерт қойып, ұлттық тағамдарынан дәм ұсынады.