ОЙЫН АЛАҢШАСЫНЫҢ ҮЛГІСІН БІРІГІП ЖАСАЙМЫЗ

     Тек саябақта ғана емес, аулада да демалуға болады. Ең жақсы демалыс – қызықты іспен айналысу. Аулаңды демалыс орнына қалай айналдыруға болатынын ойланып, достарыңмен бірге ойын алаңшасының үлгісін жасаңдар.
    Үлгі – алда жасайтын жұмысыңның кішірейтілген өлшемі.

Сен жазық және көлемді пішіндермен жұмыс істейсің. Олардың қалай аталатынын есіңе түсір.

    Саған түсті қатырма қағаз, түсті қағаз, бөтелкенің қақпағы, бір рет қолданылатын ыдыс (түсті тәрелкелер мен стақандар), қарындаш, сызғыш, қайшы, желім керек.

                                      ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

1. 5–6 адамнан топқа бөлініңдер.
2. Алаңшаның идеясы мен жұмыс жоспарын талқылап, кім не істейтінін бөлісіңдер. Үлгінің өлшемі қандай болатынын шешіңдер. 3. Әрқайсысың алаңшаның бір нәрсесін жасаңдар. Ол әткеншек, төбешік, жаттығу құрылғысы, ағаш, көгал немесе орындық болуы мүмкін. Сендер сәулет кешенін бұған дейін бірігіп жасадыңдар, сондықтан алаңшаға өзгеше үлгілер жасау қиындық тудырмайд

ҚАНДАЙ ҚҰРАМАҚТАР ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

1. Баспалдақты төбешік. Бір рет қолданылатын 4 түсті стақан дайында. Біреуін сол күйінде қалдыр, ал қалған үшеуінің жоғары жағынан 2–4 және 6 см өлшеп, қиып ал. Одан соң үш стақанның төменгі жағынан 2 см өлшеп, суреттегідей етіп (1-сурет) бір бөлігін қию керек Стақандарды суретте көрсетілгендей (2-сурет)бір-біріне кигіз. Ең биік стақанның түбіне түсті қағаздың бір ұшын жапсырып, екіншісін астындағы қағазға желімде. Сонда мынадай төбешік жасайсың (3-сурет).

  2. Баспалдақ. Бір түсті қатты қағаздан ені 1,5 см, ұзындығы 30 см екі қағаз қиып ал. Оларды екіге бүкте.Ені 0,7 см, ұзындығы 5 см түрлі түсті қағаздарды қи.Қағаз қиындыларын арақашықтығын бірдей етіп алдымен бірінші қағазға, одан кейін екіншісіне желімде (4-сурет).

4

3. Шеңбер баспалдақ сияқты жасалады. Алайда қағазды ұзынырақ етіп алу керек. Көлденең қағаздарды соңына дейін желімдеп, шеңбер жасап, желімдеу қажет (5-сурет).

5

4. Әткеншек. Әткеншек жасау үшін өлшемі 1,5×15 см 3 қағаз жолағын қиясың. Оларды суреттегідей етіп желімдейсің. Қағаздарды басқа түсті дөңгелекке желімдеде, олардың шетіне орындықтарды жапсыр.

6

Енді дайын әткеншекті қақпақтың бетіне желімде, сонда ол жоғары көтеріліп тұрады (7-сурет).

7

Балалар ауласына өз бетіңше басқа да аттракциондарды ойлап тап. Ғаламтордан керекті мәліметтерді ал.

Балалар алаңын көгалдандыру жолдарын ойлан. Шыршаны қалай жасағаныңды есіңе түсір.

5. Шөптерден әдемі көгал жасауыңа болады. Ол үшін жасыл қағазды (8×30 cм ) жолақтап қиясың (8-сурет). Оны орап, төбешік жасағанда әртүрлі стақандардан қалған сақиналарға кигіз (9-сурет).

8

9

6. Ағаш. Өлшемі 10×30 см қоңыр түсті қағазды ора. Бұл – ағаштың діңі. Диаметрі 12 см болатын дөңгелек қиып ал. Оның екі жағына жиырылған жасыл түсті қағазды желімде. Олардың реңкі әртүрлі болғаны дұрыс. Міне, ағаштың ұшар басын жасадың. Енді діңіне желімде.

     Барлық бөліктерін жасағаннан кейін орналастыратын орнын таңдап, композицияны дайындау керек. Композиция қалай көрінеді екен? Егер бәрі көңілдеріңнен шықса, желімдеуге болады. Алаңшаның үлгісі дайын!
     Бәлкім, балалардың кейбірі бұл жобаны өмірде жүзеге асырғысы келер. Балалар алаңшасын бірнеше топ жасағандықтан, ең үздік жоба байқауын ұйымдастыруға болады.

×
×

Корзина