Портретті коллаж түрінде салу өте қызықты жұмыс. Коллаж аппликация тәрізді жасалады. Алайда коллажда әртүрлі материалдар қолданылады. Түсті қағаз, ескі журналдармен табиғи материалдардан коллаж жаса.
Сен мұрын, көз, қас, ауыздың пішіндерін өзгерте отырып, адамның бет әлпетін бейнелей аласың . Алуан түрлі мимика мен көңіл күйді көрсетуді де ұмытпа. Коллаж жасау барысында оның түстік гаммасы туралы ойлан.
1. Портреттердегі баланың көңіл күйі туралы айтып бер.
2. Түстік гамма портреттердің көңіл күйімен байланысты ма ?