Қазақ хандығы қалай құрылды?

– Қазақ хандығының құрылуы жайлы білетін боласың.
– оқиға желісімен сценарий дайындауды үйренесің.

  Мәтінді оқы. Өзіңді Жәнібек немесе Керей сұлтандардың бірінің рөліне қойып көр. Халықты өз соңыңнан ертетіндей үндеу сөз дайында.

  VI ғасырдай уақыт бұрын Жайық өзені мен Балқаш көлінің арасындағы жерлерде, Әбілқайыр ұлысы деген мемлекет болды. Мемлекетті Әбілқайыр хан биледі. Ол халықтан көп салық жинады. Әбілқайыр ханның билігіне наразы болған халық, дербестік алып, жеке мемлекет құруды көкседі.
  Жәнібек пен Керей сұлтандар халыққа бас болып, Әбілқайырдан бөлініп, Жетісу өңіріне қарай көшті.

  Ары қарай оқиға қалай өрбитініне болжам жасап көріңдер. Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықты жат жерде не күтіп тұрды?

  Бұл кезде Жетісуда Есенбұға хан билік жүргізіп тұрған еді. Ол Әбілқайырдан бөліне көшкен жұртты құшақ жая қарсы алып, Шу мен Талас өзендерінің арасынан жер бөліп берді. Осылайша 1465 жылы Жетісудың батысында Қазақ хандығы құрылды.

  Бұл суретте Жәнібек пен Керей сұлтандардың жат елге қоныс аударған көш жолындағы бейнелерін көріп отырсыңдар. Қалай ойлайсың, олар не туралы әңгімелесуі мүмкін. Жұптасып, олардың сұхбатын өз қиялдарыңмен құрастырып көріңдер.

  Қазақ хандығы құрылғаннан бері қанша жыл өтті? Жақында Қазақ хандығына қанша жыл толғаны аталып өтті? Ол мереке туралы не айта аласың?

  Уақыт өте келе қазақ хандары өз иеліктерін кеңейте түсті. Ол шығыстағы Балқаш көлінен, батыстағы Жайық өзеніне дейін созылып жатты (62-бет). Бұл жерлер оларға атадан мұра болып қалған еді. VIII ғасырда ұлы жиһангер Шыңғысхан осы жерлерді үлкен ұлы Жошының билігіне берген. Ал қазақ хандары Жошының ұрпақтары болғандықтан осы аймаққа биліктерін жүргізді.

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

  «Қазақ» сөзі түркі тілінде «еркін, ерікті адам» ұғымын берген. Көшпелілер Әбілқайыр ханның қол астынан шығып, өз тәуелсіздігін алды. Осы кезден бастап оларды «қазақтар» деп атай бастады.

  Саған Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнебаян түсіру керек деп ойла. Сен қандай маңызды оқиғаларды қамтыр едің?

×
×

Корзина