Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды?

– алғашқы қоныстардың қашан және қалай пайда болғаны туралы білетін боласың.
– адамдардың қоныстануына табиғат жағдайларының қалай әсер ететінін оқып-үйренесің.

  Суреттерге қара. Сенің ойыңша, бұл жерлердің қайсысы адамдардың қоныстануына қолайлы болар еді? Не себепті?

  Ертеде адамдар қандай жерлерде қоныстанған? Олар неге аймақтың оңтүстігі мен солтүстігін таңдаған? Не себепті адамдар өсімдіктер мен жануарлар әлемі мол мекендерді таңдаған?

  Интернет желісі мен қосымша әдебиеттерді пайдаланып, анықта:
– Сен тұратын қаланың (ауылдың) атауы нені білдіреді?
– Өз елді мекеніңнің пайда болу тарихынан не білесің?

  Ойша елімізді аралап, саяхатқа шық. Елді мекендердің атаулары біздің ата-бабаларымыздың өмірі туралы көп нәрсе айта алады. Адамдар ежелден өзен бойында, көлдің жағалауында, бұлақтың басында, таудың етегінде, таудың баурайында қоныстанған.

  1. Өзеннің (теңіз, көлдің) атауына қатысты немесе «су» сөзі бар қалаларды картадан тап (95-бет).
  2. Картадан тау, төбе сөздерімен байланысты қалалар мен ауылдарды тауып, қойылу себебін анықтап көр.

  Ежелде Ұлы Жібек жолы Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан өткен. Сол жерлерде саудагерлер сауда-саттық жасап, керуен жүргізген. Керуен жолдары өтетін Сырдария мен Жетісу өзендерінің бойында көптеген қалалар пайда болған.

  Жетісу мен оңтүстік өңірдегі көне қалалар – Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы. Олардың осы өңірде пайда болу себебін түсіндіріп, картадан көрсет.

×
×

Корзина