Қазақстан халықтарының мейрамдары

– Қазақстан халықтарының мейрамы туралы білетін боласың.
– елімізде атап өтілетін мейрамдардың мерекелену жағдайын оқып-үйренесің.

Сыныптасыңмен ой бөліс:
– Біздің елімізде қандай мерекелер атап өтіледі?
– Мереке күндері адамдар немен айналысады?
– «Мереке» сөзін естігенде есіңе не түсетінін ойлап көр: түстер, дыбыстар, иістер, сезімдер мен көңіл күйлер.

  Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері достықта және өзара келісімде бірге өмір сүріп жатыр. Олардың қатарында жүзден аса ұлт өкілдері бар. Орыстар, украиндар, ұйғырлар, татарлар және басқа да халықтардың туып өскен жері, атамекені бір елдің, Отаны да бір. 1 мамыр мерейлі, ізгілікті мейрам – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі. Бұл мерекеде көктемнің шуақты күнінде көңілді билер, спорттық ойындар ұйымдастырылады. Ұлттық мәдени орталықтар Қазақстан халқын әр ұлттың дәстүрімен таныстырады.
  Біздің елімізде басқа да көптеген мерекелер аталып өтеді. Олар ұлттық, мемлекеттік, кәсіби болып бөлінеді.

Топпен бірге жұмыс жасап, мерекелердің бірі жайлы постер жаса. Оған өлең, мерекелік құттықтау қосыңдар. Мерекелер қалай аталып өтетіні туралы қысқаша әңгіме құрастырыңдар немесе қысқаша сахналық көрініс қойыңдар.

Ұлттық мейрам

16 желтоқсан –
Тәуелсіздік күні

Кәсіби мерекелер

Дәрігерлер
күні

Мұғалімдер
күні

Құрылысшылар
күні

Кәсіби мерекелер

8 наурыз –
Халықаралық
әйелдер күні

30 тамыз –
Конституция
күні

1 желтоқсан –
Тұңғыш Президент
күні

31 желтоқсан –
Жаңа жыл

22 наурыз –
Наурыз мерекесі

  Қазақстан халықтарының мәдениетінде діннің алатын орны ерекше. Әлемде көптеген діндер бар. Біздің елімізде тарихи, мәдени дәстүрі бар негізгі дінге – Ислам дінінің Әбу Ханифа мазхабы тармағы жатады. Осыған сәйкес еліміздегі діни мерекелердің бірі ретінде – Құрбан айт аталып өтеді.

  Бұл мереке туралы не білесің? Айтып бер.

– Қазақстандағы ұлт өкілдерінің атауын кім көп біледі?
– Олар туралы не білесіңдер?
– «Қазақстан халықтары – тату отбасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
– «Толеранттылық» (төзімділік) сөзін естідің бе? Оның мағынасы не?

×
×

Корзина