Өз шығыстарыңды қалай жоспарлаған жөн?

– «отбасылық бюджеттен » өзіңе жұмсалатын шығыстарды білетін боласың.
– өз шығыстарыңның «паспортын» құруды үйренесің.

  «Бюджет» мемлекеттік, отбасылық, жеке болуы мүмкін.
  Отбасының кірісі неден құралады?
  Отбасының қаражаты қайда жұмсалады?

  Бюджет ұғымы «қаржылық қалта» деген мағынаны береді. Отбасылық бюджет – отбасының кірісі мен шығысының жоспары.

  Отбасылық шығыстар жекебасылық және жалпы болып бөлінеді. Әрбір отбасы мүшесі үйшаруашылығына қатыса отырып, жекебасының қаржылық кірісі мен шығысын құрайды. Ақшаны үнемдеп жұмсау оңай шаруа емес. Болашақта бұл міндетті өзің атқаруың керек болады.

  Әрбір топ – бұл отбасы. Өзара рөлге бөліңдер. Өз отбасыларыңа тек атауын таңдап алыңдар.

– Өз отбасыларыңның кірісі мен шығысын есептеңдер.
– Айдың соңында отбасыларыңда ақша қала ма?
– Оны қайда жұмсайсыңдар?

  Келесі аптада өзім жұмсайтын жеке шығыстарымның «паспортын» құрастырамын. Топ ортасында қандай шығыстар жоспарлап отырғаның туралы ой бөліс.

  Бұл шығыстарды үйде отбасылық кеңесте талқыла. Ата-анаңның және басқа отбасы мүшелерінің ақыл-кеңесін тыңда.
  Отбасы табысын қалай ұлғайтуға болады? Өз бюджетіңді ұсынып, түзетіп көр.

Санап үйрен

  Ұсынылған заттардың ішінен әр аптада қайсысын сатып алатыныңды және жеке шығыстарыңа қанша қаражат жұмсайтыныңды есепте.

  Сағыз, шырын, мектеп асханасындағы түскі ас, стикер, ойыншық, кеңсе тауарлары, қуырылған картоп, шоколад, ойынға жұмсалатын ақша, су.

  Есіңе түсір. Қандай кейіпкерде күтпеген жерден 5 алтын теңге пайда болды? Ол бұл ақшаны қайда жұмсамақшы?
  Сен қайда жұмсар едің?

«Мен және менің жұмсайтын шығыстарым» деген тақырыпта Эссе жаз.

Эссенің жоспары:
– Ата-анаң саған ақшаны сеніп тапсыра ма?
– Сен ақшаны дұрыс жұмсай аласың ба?
– Сенде ақша жинайтын зат бар ма? Оның қажеттілігі неде?

×
×

Корзина