Мамандығым – мақтанышым

1-тапсырма. Ойтолғау.

   Әр адам қашанда бақытты боламын деп армандайды. Өмір көрсеткендей, бақыттың бір кілті– өзіңе ұнайтын жақсы мамандық таңдау. Адам не ғұрлым мамандығына риза болса, өмірде де ол өзін бақытты сезінеді.
   Қазір балаларды мамандыққа баулуды балабақшадан бастайды. Қызықты мультфильм мен ойындар осыған бағытталған. Ал сенің мектебіңде осы бағытта әртүрлі жұмыстар жүргізіледі.
   «Мен мамандықты таңдаймын» деген бейнетаспаны көріп, өз пікіріңді айт.

Мына сұрақтарға жауап бер:
• «Мамандық» деген сөзді сен қалай түсінесің?
• Мамандық таңдауды төртінші сыныптан бастағаның дұрыс деп ойлайсың ба? Пікіріңмен бөліс.
• Болашақта таңдаған мамандығың сүйікті ісіңе айналу үшін не істеуің керек ?
• Білесің бе, ғалымдар барлық мамандықты бес түрге бөледі. 
Олар:

Адам – адам

Адам – белгі жүйесі

Адам – техника

Адам – табиғат

Адам – көркем бейне

2-тапсырма. Ақпарат іздеу. Талдау. Шығармашылық.

«Мамандықты тап» (ойын)

  Шарты: Оқушылар бес топқа бөлінеді: «Адам – адам», «Адам – белгі жүйесі», «Адам – техника», «Адам – табиғат», «Адам – өнер». Қазылар алқасы (екі оқушы) топтардың көрсе тілімдерін бағалайды.

   Ойынның бірінші өлімінде әр топ сөздіктен өз мамандығына сай екі мамандықтың атын тауып, пантомима түрінде (әуен , музыка немесе музыкалық аспаптарды, пластикалық қимылдарды, би, сурет және т.б. көмегімен) көрсетеді. Қалған топ көрсе тілім бойынша мамандықтың атын іздеп табады.
   Ойынның екінші бөлімінде әр топ тез арада аралас тұрған әріптерден мамандық атын тауып, суырыпсалма әуенімен қосып, қалаған ырғақпен шапалақтап, жауап береді. Мысалы:

Оқушыларға білім
беретін кім?
ҒЛАМҰІМмұ – ға – лім
Ұшақты ұшыратын кім?ШҚҰШЫ
Нан пісіретін кім?ШНАБЫАЙУ
Ғарышқа ұшатын кім?АРЫКШҒРЕ
Етік тігетін кім?ІШКЕТІ
Пойыз жүргізетін кім?ШИМТАНИС
Музыка жазатын кім?РОКОМОТЗИП
Домбыра тартатын кім?МДОШЫБАРЫ

Агроном, аудармашы, әнші, балықшы,
бухгалтер, дәрігер,
құрылысшы, сәулетші,
суретші, шаштараз

3-тапсырма. Әнді үйрену.

Мамандығым – мақтаным

Өлеңін жазған: А. Асылбек
Әнін жазған: Н. Хинков-Айтбаева

1. Қызу іске қараңыз,
Ғимараттар саламыз.
Қанат жайып күн сайын,
Құлпырады қаламыз.
– Бұл кім?
– Құрылысшы!


2. Емдеушіміз қуатты,
Көңіліміз шуақты.
Түрлі аурудан сақтаймыз,
Елімізді тұрақты.
– Бұл кім?
– Дәрігер!


3. Жол көрсетіп адамдық,
Сәуле сепкен санаға.
Ұстаз асыл мамандық
Маған-дағы, саған да.
– Бұл кім?
– Мұғалім!

2. Аспаз болсаң керемет,
Одан артық не керек?
Дәмді, мәнді тағамдар
Қуанышқа бөлемек.
– Бұл кім?
– Аспаз!


5. Ауылдан, мейлі, қаладан,
Жеріне жетіп қалаған,
Жандарға көлік жүргізген
Алғысын айтар бар адам.
– Бұл кім?
– Жүргізуші!


Қайырмасы:
Талап күшті замандық,
Қажет барлық мамандық. (2 рет
)

 

Әннің мазмұнына көңіл бөл, сыныптастарыңмен бірге әңгімеле. Қалай орындалады?
• Әнді мұғалім көрсеткен талаптар бойынша үйрен.
• Оның көркемдік бейнесіне қарай мәнерлеп, сезіммен орында.

4-тапсырма. Тыңдау. Ақпарат іздеу.

   Қай заман болса да, адамдар өз еңбегіне , жасаған жұмысына әртүрлі қарайтыны белгілі.
   Өте ерте заманда Шартр деген француз қаласында үлкен шіркеу салынып жатады. Арбамен құрылыс тастарын тасып жүрген үш жұмысшыдан не жасап жатқандарын сұраған екен. Біріншісі: «Мен осы бітпейтін бір тастарды күні-түні ұштап отырмын. Міне, қолымда сүйел де пайда болды!» – деп жауап береді. Екіншісі былай дейді: «Мен тастарды ұштаймын және әкелемін, әйелім мен қыздарымның тамағына табыс тауып жатырмын». Үшіншісі күлімсіреп: «Мен керемет әдемі шіркеу салып жатырмын», – депті.

Бір жұмысты жасап жатқан үш адам үш түрлі жауап берді.
• Осындай жауаптар адамның қандай қасиеттерін көрсетеді?
• Әр еңбек, мысалы, музыкалық мамандық адамға ләззат, қуаныш, жетістіктер сыйлау үшін қандай талаптарға жауап беру керек? Торкөздерден дұрыс деген сөздерді тауып, түсінігіңді айтып бер:

 

шын ниетқалаутәрбиебейімділікқызығушылық
ұнаусүйіспеншіліката-ананың
ақылы
қабілетпайдалы

   «Мамандық» сөзі латын тілінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» деген мағынаны білдіреді.
   Мамандық – адамның еңбек әрекетінің, жұмысының негізгі түрі.
   Мамандық – еңбек түрі, ол адамнан белгілі бір дайындықты, білім мен дағдыларды талап етеді.

5-тапсырма. Бағалау.

1. «Мамандықты тап» ойынының тапсырмасын қалай орындадым?
2. «Мамандығым – мақтаным» деген әнді қалай орындадым?
3. Орындағанда қандай қиындықтарға тап болдым?
4. Таныстырылымымды қалай жақсартар едім?

×
×

Корзина