Сен қазақтың айтыс өнері туралы естіген боларсың. Суретке және бейне жазбаға қарап, айтыс туралы өз пікіріңді ортаға сал. Айтыс жанрын сипаттауда мына тірек сөздерді қолдан: сөзжарыс, жұптық сайыс, ақындар, суырыпсалма, жеңу-жеңілу.
Айтыс атауы «айтысу» деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу деген мағынаны білдіреді. Айтысқа тапқыр, білімді, тез арада өлең-сөз құрастыра алатын ақындар қатысады. Әсерлі болу үшін ақындар сөздерін әуенге қосып, домбыра аспабымен сүйемелдеген.
2-тапсырма. Орындау.
Ұл мен қыздың айтысы
Ұлдар:
Қыздар:
Кәне, айтысты бастайық, Ақындарға ұқсайық. Жақсы болса сабағың, Саған мақтау табайын.
Бастасақ, біз де бастайық, Ақындарға ұқсайық. Айналайын қарағым, Жақсы менің сабағым.
Ұлдар неге шулайды? Үзілісте зулайды, Тап-таза болып жүрмейді, Қашан алға өрлейді?
Ұлдар біздер … Үзілісте … Сынды қабыл аламыз, Біз ақылды баламыз.
• «Мектебім менің» тақырыбына суырыпсалма жаса. • Өлеңнің мазмұны мен ұйқасына қарай мына сөздерді қой: барғанша, жаңаша, тамаша.
Біздің мектеп … , Асығамыз … . Қамқор болған ұл-қызға Ұстаздары … .
4-тапсырма. Зерттеу.
Айтыстың түрлері көп: ақындар айтысы, қыз бен жігіттің айтысы, қайым айтыс, бәдік айтыс, жұмбақ айтыс. Сен естімеген айтыстың бір түрі – бәдік айтысы. Ол халықтың ертедегі тұрмыс-салтына байланысты шыққан. Малмен күн көріс көріп отырған ата-бабаларымыз мал ауруының иесі – бәдік деп ойлаған. Бәдікті малдан шығару үшін үркітіп, өлеңмен тауға, ағын суға, желге т.б. жаққа «көш-көш» деп көшірген. Кейін келе бұл салт ұмытылып жастардың әзіл-қалжыңына айналды.
• Бәдікті екі топқа бөлініп, тау мен найзағайға көшіріңдер. «Көш-көш» сөздерін найзағайға көшіргенде қысқа (стаккатто), тауға көшіргенде созылыңқы орында.
• Өзің де бәдікті ағын суға, құйын желге көшір.
6-тапсырма. Таныстыру және бағалау.
Сыныптастарыңмен бірге жұмысыңды таныстыр және бағала.