Жақсылық жасай білейік

1-тапсырма. Өлеңді тыңдау.

Жақсылық көрсем өзімнен

А. Рахметов

Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Жетелер жақсы-жаманға
Адамның ісі өзінен.
Қолыңнан келсе, сен егер,
Қиналғанға көмек бер.
Жақсылық жасай білсеңіз,
Жаманға көмек берсеңіз.
Жасаған әрбір жақсы ісің,
Алдыңнан шығар білсеңіз.

• «Жақсылық көрсем өзімнен» өлең жолдарын мәне рлеп оқы.
• Сыныптастарыңмен бірге мазмұнын талқыла.

   Жақсылық жасаған адамға, әдетте «Рақмет!», «Жарайсың!», «Бақытты бол!», «Қатарыңның алды бол!» деген алғыс сөздер айтылып жатады. Ойлан! Өзіңе қаншалықты бұл сөздер жиі айтылады?

2-тапсырма. Орындау.

   Топтық өнер сайысына қатыс, өткен сабақтағы ән, терме, айтысты қайтала.

Шарты:

1-топ. «Елім-ай» әнінің тарихын айтып, әнді топпен бірге көркемдеп орындайды.

2-топ. «Жақсы мен жаман» термесінен жақсы адамды сипаттайды. Термені бір ғана орындаушы орындайды. 2-ші, 4-ші, 6-шы, 8-ші тармақтардағы соңғы сөзді барлығы топпен қосылып орындайды.

3-топ. «Жүгіріп шықтым белеске » қазақтың халық әнінің қайырмасын ұрмалы асп аптарды қосып орындайды. Төмендегі ырғақ үлгілерін сақтауы тиіс.

3-тапсырма. Сурыпсалма.

• Өз мектебің, сыныптастарың жөнінде қайым айтыс құрастырып, өзіңе ұнаған әуенге сал.

Үлгі:
Біздің мектеп жаңаша,
Асығамыз барғанша.
Қамқор болған ұл-қызға,
Ұстаздарым тамаша.

Өзің аяқта.
Біздің мек теп жаңаша,
Асығамыз барғанша.
…………………………..
…………………………..

БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР

   1. «Жүгіріп шықтым белеске» халық әнінің түсіп қалған сөздерін тап.

Жүгіріп шықтым …
Белес жақын емес пе ?!
Осы отырған …
Бір ғанибет емес пе-ай?!

   2. Сұрақтарға жауап бер.

• Өз мектебің, сыныптастарың жөнінде қайым айтыс құрастырып, өзіңе ұнаған әуенге сал.

«Япурай»

«Көңілді саяхат»

«Табиғатым»

«Елім-ай»

   3. Жартылық нотаны көрсет.

Тест сұрақтары

   1. Дыбыстар қатынасындағы өзара келісімділік.

А. лад
В. жанр
С. дирижёр
Д. өлшем
Е. ноталар ұзақтығы

   2. Терме дегеніміз …

А. сөз сайысы
В. ән шумағы
С. өлең
Д. өсиет нақыл
Е. мақал-мәтел

   3. Сөз сайысы …

А. терме өнері
В. ән өнері
С. айтыс өнері
Д. күй өнері
Е. би өнері

   4. Музыкалық өне рдің бірне ше түрге бөлінуі –

А. жанр
В. лад
С. қарама-қайшылық (контраст)
Д. мажор
Е. минор

×
×

Корзина