Оқу мақсаттары: 11.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну. 11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. 11.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау. 11.3.3.1 шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Тірек сөздер: Кенесары хан, Алаша хан мазары, күрес жолы, орыс билігі, рулық қатынас.
Мақсатқа қол жеткізу үшін: – берілген үзінділерді толық оқып шығу; – үзінділерге сюжеттік-композициялық талдау жасау; – шығармада көтерілген ғаламдық мәселеге назар аудару; – Кенесары хан құрған хандықтың болашағы туралы мәселені талдау; – Мақсатқа қол жеткізу үшін:шығармада көтерілген ұлттық мүдде тақырыбын ашу, шығарма кейіпкерлерін анықтау; – кейіпкер бейнелерінің жинақтау және даралау арқылы жасалуын талдау.