Қайран Қарасазым-ай!

Шығарманың тақырыбын және негізгі ойды анықтаймын.

1. Суретке зер сал. Қалай атар едің? Суретшінің ойын сөзбен жеткіз.

2. Мәнерлеп оқу үлгісіне назар аудар.

Идея – жазушының өмір туралы айтқысы келген ойы мен беретін бағасы. Тақырып пен идея ұқсас. Сен осы бөлімде Отан, туған жер тақырыбына жазылған бірнеше шығарманы оқыдың. Тақырып бір болғанымен, бұл шығармалардың идеясы әртүрлі болуы мүмкін:
– туған жерге сүйіспеншілік;
– туған жерге сағыныш;
– Отанға деген мақтаныш т.б.

Қайран Қарасазым-ай!

Тамаша еді жазғы орман,
Құстар сайрап, мәз болған.
Көлшіктерде, суларда
Үйрек ұшып, қаз қонған!

Шыбын-шіркей қаға ма,
Шоршып судан ақ шабақ?!
Таз тырна отыр жағада
Сыңар аяқ, ақ қабақ.

Елік ертіп лағын,
Еңкейеді суатқа.
Елеңдетіп құлағын,
Тыншымайды бірақ та.

Көкқұтандар көлбеңдеп,
Көтеріле алмайды.
Жалғыз-жалғыз ербеңдеп,
Көк қояндар заулайды.

Мұздай суы атқылап,
Ақ бастаулар қайнаған.
Тана-торпақ шапқылап,
Оқыралап ойнаған.

…Тамаша еді жазғы орман,
Тамашалап мәз болғам,
Қайран Қарасазым-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған.

Мұқағали Мақатаев

мұздай су
жазғы орман
үйрек ұшып,
қаз қонған

3. Өлеңнің авторы туралы не білетініңді есіңе түсір. Берілген деректі түсініп оқы.

Мұқағали Мақатаев
1931–1976

  • Шын аты – Мұхаммедқали.
  • Отан, ел, халық туралы жазған «Туған жер», «Отан» т.б. өлеңдері бар..
  • «Өз ортасын болашақпен жалғайтын жыр көпірін салып кетті».

Фариза Оңғарсынова

4. Сәйкестендір. Берілген көркем ойға сәйкес өлең жолдарын тап.

Көркем ойды жинақтап, тақырып ойластыр. Өз бетіңше жалғастырып әңгімеле.

5. Әр бағандағы негізгі ойды анықтаңдар. Берілген үзінділердің бір-бірімен байланысы бар ма? Дәлелдеңдер. Басты тірек сөздерді табыңдар.

6. Өлеңге сүйеніп, суреттерге қатысты сөздерді тауып жаз. Сөйлемдер құрастыр. Ортақ тақырып ойластыр.

×
×

Корзина