Аппақ қыс

Мәтінді талдаймын және салыстырамын.

1. Қыс мезгілінің түсі ақ екенін көрсететін 5 мысал келтір.

2. Өлеңді түсініп оқы.

Аппақ қыс

Ақ қолғаппен құшақтап,
Сақылдайды қыс аппақ.
Өзен, теңіз, тау-төбе
Киген аппақ сәукеле.
Жатыр іздер жосылған
Рояльдің басылған
Ақ тіліне ұқсап қап…

Ақ қыс – сұлу ақ өлең,
Табанымның астында
Таңғажайып ақ әлем.
Сырласады, сырлассаң,
Қырға асады, қырға ассаң.
Аппақ әуен сықырлап,
Жырлағалы тұр бассаң.

Жанарынан жас бүркіп,
Тұр қыс күні сүйкімді.
Оянбасаң мәжбүр ғып
Ашатұғын ұйқыңды,
Құлақ күйін он бұрап.

Төнеді аспан төбемнен.
Аппақ қардан омбылап,
Көктем іздеп келем мен.

Төлеген Айбергенов

3. Автор туралы әңгімеле.

Төлеген Айбергенов
1937–1967

  • Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде дүниеге келген.
  • Жастарға арналған Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлық бар.
  • «Ақын – өзінің ешкімге ұқсамайтындығымен ақын».

Фариза Оңғарсынова

4. Ақын қолданған кейіптеуді тауып, түсіндіріп көр.

5. Абайдың «Қыс» өлеңі мен Т. Айбергеновтің «Аппақ қыс» мәтінін салыстыр.

6. «Тірек сөздер» әдісі. Берілген тірек сөздердің ретін бұзбай мәтін құрастыр.

7. Өлеңді жаттап ал.

×
×

Корзина