Жер шарымызға өсімдіктер не үшін қажет?

– қоректік тізбектегі өсімдіктердің рөлін анықтай аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Өзің білетін өсімдік қауымдастықтарын ата.
2. Олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
3. Неліктен фотосинтез табиғаттағы ең маңызды үдерістердің бірі болып табылады?
4. Өсімдіктер мен жануарлар арасында өзара байланыс бар екенін дәлелде.

Мәтін бойынша тапсырмаларды орында

 Ертеде қазақ халқы көшпелі өмір сүрді. Өйткені олар қой мен жылқыны көп өсірді. Бұл жануарлар жайылымдағы шөппен қоректенеді. Жайылымның шөбі тақырлана бастағанда, адамдар малға жайылым іздеп, басқа жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болған.

1. Сен қалай ойлайсың, жайылым деп нені атайды?
2. Неліктен адамдарға бір жерден екінші бір жерге қоныс аударуға тура келді?

Тізбекке қараңдар. Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты анықтаңдар.

  Кейбір ағзалар басқаларға қорек (жемтік) болған кездегі тірі ағзалардың арасындағы байланыс қоректік тор деп аталады. Қоректік тор әртүрлі қоректік тізбектен тұратын күрделі құрылым.

  Мұндай экологиялық пирамида қоректік тізбектегі ағзалардың сандық қатынасын көрсетеді.

Сызбаға қара. Жер шарымыздағы өсімдіктердің қандай маңызы бар екенін анықта.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Фотосинтез барысында өсімдіктерде қоректік заттар түзіліп, оттек бөлінеді, ауаны көмірқышқыл газынан тазартады. Қоректік заттардың арқасында өсімдіктер өсіп, дамиды. Өсімдіктер өсімдікқоректі жануарларға азық болады, ал өсімдікқоректі жануарлар – жыртқыштардың азығы.
  Өсімдіктер жануарлар мекендейтін түрлі өсімдік қауымдастығын құрайды.
  Елді мекендердегі өсімдіктер шаң, зиянды заттарды тұтып қалып, ауаны ылғалдандырады, шуды азайтады.

Сабақты қорытындылау

1. Қоректік тор дегеніміз не?
2. Егер қоректік тізбектен өсімдіктерді алып тастасаң, не болатынын талда.
3. Әрбір табиғи қауымдастықта бір-бірімен өзара әрекеттесіп, қоректік тор құратын түрлі қоректік тізбектер бар.
  а) Өзің тұратын жердің табиғи қауымдастығының қоректік торының үлгісін жаса.
  ә) Жергілікті жердің сызбасын сыз.
  б) Осы жерде өсетін өсімдіктерді белгіле.
  в) Осы жердегі жануарларды (шартты белгілермен немесе суреттермен) белгіле.
  г) Осы тордағы ағзалар арасындағы байланысын бағдаршамен көрсет.

  Қоректік торға мысал (дала). Қоректік тізбек сызбасы

×
×

Корзина