Өсімдікте тұқым қалай түзіледі?

тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін сипаттай аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер және тапсырмаларды орында

1. Өсімдік тұқымы жерге қалай түседі?
2. Өсімдіктерде тұқым қалай түзіледі?
3. Жұмбақтарды шеш. Жауаптарына кластер құрастыр.

1. Үйі де жоқ, күйі де жоқ.
    Бірақ жауыннан да, дауылдан да
    Қымсынбайды.

Ыстыққа да, суыққа да
Шын шыдайды.
Шешуін айта ғой.

2. Қар астында қыстады,
    Ақпен бөркін тыстады.

Сызбаға қараңдар. Гүлдің құрылысын анықтаңдар. Кез келген материалдан гүлдің моделін жасаңдар.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Көп өсімдіктің гүлі бар. Гүлдің негізгі мүшелері – тостағанша жапырақшалары, күлте жапырақшалары, аналық пен аталық.
  Тостағанша жапырақшалары – гүлдің негізінде өскен кішкентай жасыл жапырақшалар. Тостағанша жапырақша күлте жапырақшаларды ұстап әрі қорғап тұрады.
  Гүлдің күлтесі – оның жапырақшалары. Осы жапырақшалардың арқасында барлық гүл керемет әдемі.
  Гүлдің ең маңызды мүшелері – аталығы мен аналығы.
  Аталығында түзілген тозаңда аталық жыныс жасушалары бар. Әрбір аталықтың жоғарғы жағы жабысқақ келеді. Ал аналығында аналық жасушалары болады. Аналығының жоғарғы бөлігі аналық аузы деп аталады.
  Гүлдің түрлі түсті күлте жапырақшалары мен жағымды хош иісі жәндіктерді өзіне тартады. Гүлдің ішінде жәндіктер қоректенетін тәтті шірне бар. Жәндіктер ұшып, гүлдерге қонғанда, құрсақтарымен (денесімен) аталықты басып, тозаң жапсырып алады. Содан кейін жәндіктер басқа гүлге ұшып барып, тозаңды қалдырады. Тозаң аналықтың жоғарғы жағына жабысады. Тозаңдану үдерісі сәтті аяқталған соң, тозаң тұқымның ұрығына түседі. Осыдан кейін гүлде тұқым түзіліп, оның айналасында жеміс өсіп шығады.
  Гүлдейтін өсімдіктер гүлді өсімдіктер деп аталады. Алайда барлық гүлді өсімдіктердің гүлдері тартымды әрі ірі болмайды. Жеміс ағаштарының гүлдері ғана әдемі әрі ірі болады.
  Гүлден гүлге тозаңды тасымалдау арқылы аналық аузына тозаңның түсу үдерісі тозаңдану деп аталады. Ол желдің, жәндіктердің немесе құстардың көмегімен жүреді.

Диаграммаға қара. Тозаңдану үдерісі көбінесе ненің көмегімен жүретінін анықта. Мысал келтір.

Сабақты қорытындылау

1. Гүлдің басты мүшелерін ата.
2. Тозаңдану дегеніміз не? Тозаңданудан кейін гүлде не түзіледі?
3. Гүлдің аталығы мен аналығын алып тастаса, не болатынын болжап айт.
4. Кейбір ағаштардың гүлдері неліктен ірі болады деп ойлайсың?

×
×

Корзина