Тұқым қалай таралады?

тұқымның таралу жолдарын сипаттай аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Өсімдіктер қалай көбейеді?
2. Өсімдік тұқымдары қандай болуы мүмкін? Олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
3. Тұқымның қандай таралу жолдарын білесің?

Нұрәлі зерттеу жүргізуді ұсынады.

Зертте

  Мақсаты: өсімдіктердің тұқымдары әртүрлі екенін анықтау.
  Болжам жаса
  Болжамыңды мына сөздерден баста: «Өсімдік тұқымдарының пішіндері мен өлшемдері әртүрлі, өйткені …».
  Өз болжамыңды тексер
  1. Бақылау жүргіз. Тұқымдарға зерделеп қара. Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Жұмысыңның нәтижесін сыныптастарыңмен талқыла.
  2. Тәжірибе жаса.
    A) Бір түрдегі тұқымды алып, оны төмен қарай таста. Тұқым үстел үстіне қалай түскенін анықта. Бұл тәжірибені барлық тұқымға қайталап жаса.
    Ә) Су құйылған стақан ал. Стақандағы суға әртүрлі тұқымды бір-бірлеп сал. Тұқымның қандай күйге ұшырағанын анықта.
    Б) Матаны үстелге жайып қой. Оның үстіне тұқымды шашып сал. Оларды алақаныңмен аздап бас. Матаны қолыңа алып, төңкеріп ұста. Қай тұқымның түскенін, қай тұқымның матаға жабысқанын анықта.
  3. Бақыла. Қай тұқым үстелге алдымен түсті? Суға салғанда тұқым қандай күйде болды? Неліктен кейбір тұқым матаға жабысып қалды? Дәптеріңе қорытынды жаз.
  4. Кесте құрастыр, жасаған жұмысыңның қорытындысын жаз.
  5. Нәтижелер сенің болжамыңды растады ма?

Суреттерге қараңдар. Өсімдіктердің мына жерлерде қалай пайда
болғанын болжап айтыңдар.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Өсімдіктің тұқымы пісіп-жетілгеннен кейін жаңа өсімдік өсіп шығу үшін қолайлы ортаға түсуі керек. Тұқымдар жел, су немесе жануарлар арқылы тарайды. Өсімдік тұқымдарының әртүрлі жағдайға бейімделуі олардың аман қалуына және өніп-өсуіне мүмкіндік береді. Егер тұқым өз өсімдігінің жанына түсетін болса, онда оның өсуі мен дамуына қолайсыз болады (жарықтың, ылғал мен қоректік заттардың жетіспеуі).
  Барлық өсімдіктің тұқымы көп, алайда олардың кейбіреулерінен ғана жаңа өсімдік өніп шығады.

Сызбаға қара. Өсімдік тұқымдарының әртүрлі өсімдіктер қауымдастығына қалай таралатынын анықтап бос торкөздерді толтыр.

Қызықты деректер

  • 1954 жылы археолог-ғалымдар Тундрадан арктикалық бөрібұршақтың (люпиннің) тұқымын тапты. Ол 10 000 жыл бойы мұзды лайда жатқан. Бұл тұқымдар қолайлы жағдай жасалғаннан кейін ғана өсіп шықты.
  • Кейбір ағаштардың тұқымдары олардың қабығын өрт шалғаннан кейін ғана өседі.
  • Бамбук тұқымдары өте жылдам өсіп шығады. Бір күн ішінде ол 40 сантиметрге дейін өседі.

Сабақты қорытындылау

1. Тұқымның таралу жолдарын айт.
2. Өсімдіктің тұқымы неліктен тез пісіп-жетіледі?

×
×

Корзина