Жарық пен көлеңке. Көлеңкенің түсуі кедергінің көлеміне байланысты

көлеңкенің түсуі кедергінің көлеміне байланысты екенін зерттеп, түсіндіре аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер және тапсырмаларды орында

1. Көлеңке деген не?
2. Неліктен барлық зат көлеңке түсіреді деп ойлайсың?
3. Неге түнде де көлеңкені байқауға болады?

1. Тұрсаң тұрады,
   Жүрсең жүреді,
   Ол не?

2. Соңыңнан қалмайды,
    Тоқтасаң, тоқтайды.
    Үйге іздеп бармайды,
    Тығылсаң таппайды.

«Көлеңке» сөзіне синквейн құрастыр.

Іңкәр топтық жұмыс ұсынады.

Зерттеңдер

  Мақсаты: көлеңке өзінің көлемі жағынан көлеңке түсіретін заттан үлкен немесе кіші, болмаса сол заттың көлемімен бірдей бола алатынын немесе бола алмайтындығын анықтау.
  Болжам жасаңдар
  Жарық көзінің тұрған жеріне байланысты көлеңке өзінің көлемін өзгертеді.
  Өз болжамдарыңды тексеріңдер
  1. Ойыншықтың бір жағынан қолшамның жарығын түсіріңдер. Содан соң жарықты биіктетіңдер. Жарықты ойыншықтың төменгі жағынан, ортасынан, жоғары жағынан түсіріңдер.
  2. Барлық параметрлерінің нәтижесін жазыңдар.
    А) Көлеңке қай кезде қысқарады?
    Ә) Көлеңкенің көлемі қай кезде ұзарады?
  3. Қорытынды жасаңдар. Сендердің болжамдарың расталды ма?
  4. Зерттеу нәтижелерімен бөлісіңдер.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

Сен көлеңкенің жарық сәулесі тікелей түспейтін кеңістік екенін, сондай-ақ қарама-қарсы тараптан жарықтандырылған заттан бір нәрсеге қараңғы кескінінің түсуі екенін білдің.

Өсімдік және оның көлеңкесі

Көлеңке – бұл жарық көзімен тығыз байланысты құбылыс.

  Кедергі жарықтың бетке жетуіне бөгет жасайды, соның себебінен көлеңке пайда болады.
  Егер шамды, балауызды немесе басқа да сәуле түсіретін жарық көзін алып, оның сәулесін кез келген мөлдір емес затқа түсірсе, онда оның артындағы заттың жоғары жағында көлеңке кескіні пайда болады. Көлеңке өздігінен пайда болмайды. Ол белгілі бір затқа жарық сәулесінің түсуіне басқа заттар кедергі келтірген кезде пайда болады.
  Көлеңке дегеніміз – жарық көзіне қарама-қарсы жақта пайда болатын қараңғы аймақ.
  Көлеңке заттың сұлбасын сәл ғана өзгертіп кескіндейді. Алайда егер зат пен көлеңке түсетін жазық бетті жарық сәулесіне дәлдесе, онда көлеңке заттың сұлбасын дәлме-дәл қайталайды. Сонымен қатар оған барлық жарық сәулесі тік түсу үшін жарық көзінің көлемі мен заттың көлемі бірдей болу керек.
  Егер бір ғана затқа бірнеше жарық көзінен сәуле түсіретін болса, онда одан сонша көлеңке пайда болады. Көлеңкенің бірнеше түрі бар. Қою қара немесе қараңғы көлеңке толық көлеңке деп аталады. Олар жарық жетпейтін жерлерде түседі. Ал заттан аздаған жарық түсіп тұрғанда пайда болатын көлеңкені шала көлеңке деп атайды.
  Көлеңкенің өзгеруі түсетін жарық көзінің көлеміне байланысты. Кішкене жарық көзі заттың анық көрінетін қою қара көлеңкесін түсіреді.
  Үлкен жарық көзі ортасы қою қара, жан-жағы бұлыңғыр көлеңке түсіреді.

  Диаграммаға қара. Дұрыс толтыр.

  1. Жарық көзі төмен орналасқан кездегі көлеңке ұзындығы.
  2. Жарық көзі ортада орналасқан кездегі көлеңке ұзындығы.
  3. Жарық көзі жоғары орналасқан кездегі көлеңке ұзындығы.

Қызықты деректер

Ай, Жер мен Күн бір сызықтың бойына келген кезде Жердің көлеңкесі Айды түгел жабады да, Ай мүлде көрінбей қалады. Бұл құбылыс Айдың тұтылуы деп аталады.

Сабақты қорытындылау

  1. Көлеңке неліктен ұзарып, неліктен қысқарады деп ойлайсың?
  2. Неліктен біз көлеңкенің түсуі жарық көзімен тығыз байланысты дейміз?
  3. Бір ғана зат қай кезде бірнеше көлеңке түсіреді??

×
×

Корзина