Көлеңкенің түсуі жарық көзі мен көлеңке түсіретін кедергінің арасындағы қашықтыққа байланысты

көлеңкенің түсуі көлеңке түсіретін кедергі мен жарық көзінің арақашықтығына байланысты екенін зерттеп, түсіндіре аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Неліктен біз көлеңкенің түсуі көлеңке түсіретін кедергімен тығыз байланысты дейміз?
2. Көлеңке қалай пайда болады?
3. Қай кезде көлеңкенің жан-жағы бұлыңғыр болады?

Нұрәлі топтық жұмыс ұсынады.

Зерттеңдер.

  Мақсаты: көлеңкенің көлемі көлеңке түсіретін кедергі мен жарық көзінің арақашықтығына байланысты екенін анықтау.
  Болжам жасаңдар
  Көлеңкенің көлемі кедергі мен жарық көзінің арақашықтығына байланысты өзгереді.
  Болжамдарыңды тексеріңдер
  1. Қалың қатырма қағазға адам бейнесін салып, оны кесіп алыңдар.
  2. Кесіп алынған адам сұлбасының артқы жағына қалың қатырма қағаз қойып, тұрғызып қойыңдар.
  3. Адам сұлбасынан 5 см қашық жерге қолшамды орналастырыңдар. Енді көлеңкеге назар аударыңдар.
  4. Сұлбадан қолшамды 20 см қашық жерге орналастырыңдар.
Көлеңкеге назар аударыңдар.
  5. Сұлбадан қолшамды 30 см қашық жерге орналастырыңдар. Көлеңке өзгерді ме?
  Зерттеу нәтижелерін дәптерге жазыңдар.
  Қорытынды жасаңдар. Қорытындыны басқа топтың оқушыларымен талқылаңдар.

Білу үшін оқы

  Сен кеңістіктің жарық түспейтін жағын көлеңке деп атайтынын білдің. Көлеңкенің көлемі жарық көзінен көлеңке түсіретін кедергіге дейінгі арақашықтыққа байланысты. Жарық көзін жақындатқан сайын көлеңкенің көлемі ұлғая түседі. Жарық көзі мен көлеңке түсіретін кедергі арасын алыстатқан сайын көлеңкенің көлемі кедергінің көлеміне дейін кішірейеді.

«Жарық» пен «көлеңке» сөздерімен кластер құрастырыңдар.

Сөзжұмбақты шеш.

Көлденеңінен:
1. Жарық сәулесі түспейтін кеңістік.
2. Кештен бастап таңға дейінгі тәуліктің бөлігі.
Тігінен:
1. Табиғи жарық көзі.

Диаграммаға қарап, дұрыс толтыр.

  1. Жарық көзі кедергіге жақын орналасқан кездегі көлеңке ұзындығы.
  2. Жарық көзі кедергіден алыс орналасқан кездегі көлеңке ұзындығы.
  3. Жарық көзі кедергіден орташа қашықтықта орналасқан кездегі көлеңке ұзындығы.

Сабақты қорытындылау

1. Көлеңкенің түсуіне жарық көзі мен кедергінің арақашықтығы қаншалықты әсер етеді?
2. Көлеңке қай кезде ұзарады деп ойлайсың? Таңертең бе әлде күндіз бе?
3. Неге түнде де көлеңкені байқауға болады?

×
×

Корзина