Музыкант болғым келеді!

1-тапсырма. Шығармашылық. Таныстырылым.

1. Сабақ басында оқушылар музыкалық мамандықтарға байланысты «Музыкалық мамандықтар туралы» бейнетаспа көреді және талдайды.
2. «Әншілер», «Бишілер», «Домбырашылар», «Композиторлар» деген төрт топқа бөлінген оқушылар дайындаған тапсырмалар бойынша таныстырылым (презентация) өткізеді. Жұмыстар мына талаптар бойынша бағаланады:
• Мамандық туралы жалпы түсінік;
• Мамандықтың маманға қоятын кәсіби талаптары;
• Мамандық бойынша атақты адамдарды таныстыру (таңдау бойынша қысқаша әңгіме, суреттер немесе бейне /үнтаспа және т.б.);
• Мамандық туралы бір ән, тақпақ айтып беру, қызық әңгіме оқып беру немесе бейнетасп аларды (ғаламтор желісі, фонохрестоматия) көрсету.
• Таныстырылым аяғында әр топ мамандыққа қатысты бір шумақ суырыпсалма (нүкте тұрған жерге, қалаған сөзді қойып) жасап, әнді орындап береді.
• Қазылар алқасы (екі-үш оқушы) дайындаған әр тапсырма бойынша бағалап, жалпы бағаларын шығарады.

1-топ: «Әншілер»

ӨлеңҚосатын сөздер
1. Алуан-алуан … бар,аты, үні, жері
Өрнектейтін … бар.тілі, орны, жері
Күміс … атанған,көмей, дауыс, әні
Мамандықты біліп ал.
Әнші болғым келеді-ау.

2-топ: «Бишілер»

ӨлеңҚосатын сөздер
2. Көбелек болып … ,қонамын, ұшамын, билеймін
Шара апамдай боламын.
Музыканың … ,үніне, түріне, әуеніне
Қимылмен сурет … .саламын, жазамын, жасаймын
Биші болғым келеді-ау.

3-топ: «Домбырашылар»

ӨлеңҚосатын сөздер
3. Күмбір, күмбір … ,домбыра, даңғыра, жетіген
Үнін … етемін.серік, берік, айтып
Қазынасын … ,халқымның, даланың, адамның
Қасиет деп өтемін…
Домбырашы боламын!

4-топ: «Композиторлар»

ӨлеңҚосатын сөздер
4. Ғарыш үнімен … ,тілдескен, үндескен, сөйлескен
Алуан … үндескен .әуенмен, әнімен, дауыспен
Бабалар рухы дарыған,
Құдіретті … нар кескен .тұлға, адам, кезең
Композитор боламын!

   Әнші – әнмен шұғылданатын музыкант, вокалдық музыка орындаушысы.
   Домбырашы – домбыра аспабында ойнайтын музыкант.
   Композитор (латын сөзінен алғанда «құрастырушы») – музыкалық шығармалардың авторы, музыканы шығаратын адам.

2-тапсырма. Әнді орындау.

«Әнші балапан» (Өлеңін жазған: Қ. Қазыбеков, әнін жазған:М. Омаров) – қайталап орындау:
• Әннің кейпіне қарай көркем орындауға көңіл бөлу.
• Әннің мазмұнын таныстырылымда алған білімдерімен салыстырып, түйіндеу.

3-тапсырма. Бағалау.

1. Тақырып бойынша тапсырмаларды қалай орындадым?
2. Дайындаған тапсырмалардың қай жағы дұрыс, ал қай жағы кем болды?
3. Орындағанда қандай қиындықтар кездесті?
4. Таныстырылымымды қалай жақсартар едім?

×
×

Корзина