А.Н. Скрябиннің «Прометей» («Поэма огня») симфониялық поэмасы 1910 ж. жазылған. Ғылыми мәліметтерге қарағанда, поэманың негізіне Прометей туралы ежелгі грек аңызы алынған. Аңыз бойынша, Прометей Олимптен отты рұқсатсыз алып кетіп, адамдарға сыйлаған. Ол адамдарды надандықтан шығарып, еңбекке баулыған, көп көмектескен. Олимптегі құдайлар осыны кешірмей, Прометейді жартасқа мәңгі байлап қойған.
А.Н. Скрябиннің ерекше қасиеті – ол музыканы түрлі түстер арқылы сезетін. Ол осы шығарманы орындау үшін симфониялық оркестр құрамына хор және «жарық партия» партитурасын енгізген. Композитордың ойынша, музыкамен бірге түрлі түстерді прожек тор сәулелері ауыстырып тұруы керек.
«Прометей» симфониялық поэмасы – бір бөлімді симфониялық шығарма.