«Өте ерте заманда жер бетін мекен деген халықтар өлең дегеннің не екенін, ән дегеннің не екенін білмеген. Адамдар қөңілсіз, сүреңсіз өмір сүріп жатты. Табиғат та мұңға батып, мүлгіген тыныштық орнаған. Ол кезде әннің құдіретін аспан ғана білген, себебі ән тек аспанда ғана қалықтап жүрген.
Бір күні сиқырлы Ән төмен түсіп, кең даланың үстінде қалықтаған. Ол жердегі көңілсіз адамдарды көріп аяп, «осыларға бір жақсылық жасайыншы» деп ойлайды.
Ән көңіл күйіне қарай кейде жер бауырлап, кейде биікке самғап ұшып жүреді. Ән төмендеген сайын сол жердегі адамдар бірден әнші, жыршыға айналады. Ал биік қалықтап кеткен жердің халқы әншіліктен құр қалған екен.
Ән қазақ жеріне келгенде жерге төмен құлдырап, халыққа музыкалық қабілетті үйіп-төгіп шашады. Ол қазақ жерінің үстімен төмен қалықтап ұшып, халықты ән мен өлеңнің, жыр мен күйдің, суырыпсалмалықтың шеберіне айналдырған екен».