Мұғалім сабақтың басында Қазақстанның атақты суретшілері Ә. Қастеевтің, Қ. Телжановтың, М. Кенбаевтың, А. Ғалымбаеваның туындыларын дидактикалық құрал ретінде көрсетеді. Картиналар мен суретшілер туралы оқушыларға қысқаша түсінік береді.
Адам қашанда табиғат сұлулығына тамсана қарайды. Суретшілер табиғат бейнесін әр алуан бояулар түсімен бейнелейді. Ал композиторлар музыкада табиғат көріністерін қалай бейнелейді?
2-тапсырма. Тыңдау. Зерттеу.
Топтық жұмыс. Аида Исакованың «Весенний ливень»(«Көктемгі нөсер») атты шығармасын бе йнетаспадан мұқият тыңда.
• Музыканы көзіңді жұмып тыңда, орындалуына көңіл бөл.
Весенний ливень
(«Көктемгі нөсер»)
Музыкасын жазған: А. Исакова
• Көз алдыңа нөсер жауынның қандай көріністері елестеді? • Торкөздерден музыкаға сәйкес келетін сөздерді таңдап, топта талқыла.
қатты/күшті
мұңды
найзағай
жылдам
жел
көңілді
ойнақы
дыбыс
асықпай
жай
тамшы
екпінді
жабырқап
ұйытқып
күн күркіреу
• Топпен ақылдасып, шығарманың мазмұнын сызбаға салып, орындалу реттілігін көрсет. Таңдап алған сөздерді пайдалан. • Музыканы тобыңмен бірге екінші рет тыңдап, жасаған сызбаны қалпына келтір. • Топтың қалауы бойынша реттелген сызбаны баяндап, сурет салып немесе пантомима арқылы көрсету.
Қайырмасы: Өнер – өрнек , ән-күйлер, Бой балқытқан бал билер.
Әннің бірінші шумағы мен қайырмасын ереже бойынша үйрен.
• Әннің мазмұнына көңіл бөл. Не туралы айтылады? • Әннің көңіл күйін көрсетіп, мәнерлеп орында.
Музыка және сурет
(ойын)
Ойынның шарты. Оқушылар төрт суретпен танысады, мазмұнын талдайды, пікірлеседі. Одан кейін үш түрлі музыкалық шығарма үзіндісін бейнетаспадан тыңдап, суреттердегі көріністермен салыстырады және сәйкестіктерін табады.
тіл қатты
жұмбақ шешті
мәз болды
әнге басты
Мұғалім оқушыларға музыканы тыңдауға берген кезде шығармалардың аттарын атамайды. Оқушылар өздері сурет пен музыканы салыстырып, байланысын табады және түсінік береді. Жаппас Қаламбаевтың орындауында «Қасқыр» халық күйі (қобыз аспабы), «Көкек» күйі (қобыз аспабы), фортепиано аспабында Н.Меңдіғалиевтің «Домбыра аңызы» шығармасы орындалады.
6-тапсырма. Таныстыру және бағалау.
Құрастырылған шығарманы сынып алдында орында және бағала.
• Өзара бағалау жүргіз. Мына сұрақтарға жауап бер: • Сабақта не ыңғайлы болды? • Қайсы тапсырма қиын болды? • Сабақта нені әлі де жақсарту қажет?