2.
Маманымын ісімнің,
Небір ұлы кісінің
Келтіріп бар пішімін,
Тұрғызамын мүсінін.
Абай – ақыл дария,
Жамбыл – жырау кәрия.
Біз жасаған мүсіндер –
Мәншүк пенен Әлия.
Қайырмасы:
Өнер – өрнек , ән-күйлер,
Бой балқытқан бал билер.
Таудай биік талабым,
Мен өнерлі баламын.
Өлең айтып, би билеп,
Шырқап ән де саламын.
Бәрі келер қолымнан,
Жаңылмаймын жолымнан.
Мақтаны боп елімнің
Шығам әлі соңынан.
Қайырмасы: