Әрбір отбасы той-думан, мерекелерді атап өтеді. Үйге көптен күткен қонақтар келеді. Дәмді тағамдар әзірленіп, дастарқан жайылады.
Қазақ мәдениетінде қонақтардың құрметіне жайылатын дастарқанның алатын орны ерекше. Қазақ халқы өте қонақжай. Кез келген жолаушыны төріне шығарып, барын алдына қояды. Әдемі ыдыстар қолданады.