3-композиция. Үш зат жарасып тұра қалған. Үлкен әрі мейірімді шайнек өзінен кіші достары – кесе мен тәрелкені «қорғап» тұрғандай. Кесе өзін жайлы сезініп, ал тәрелке достарына «тығылып» тұр. Алдыңғы қатардағы кесе шайнек пен тәрелкені аздап көлегейлеп тұрғанына назар аудар . Алдыңғы қатардағы заттар артқы қатардағыларды көлегейлейді. Біздің жасаған тәжірибеміз натюрморттағы заттарды бір-бірінен алысырақ қойып, оларды қызықты топқа біріктірген дұрыс екенін көрсетті.