Бәрінен қымбат

Мәтін деректерінен келтіре отырып, автордың ойын дәлелдеймін және шығарманы мәнерлеп оқимын.

1. Ақын сұрағына жауап бер.

– Аспанда күн ыстық,
Ал жерде кім ыстық?

Әдібай Табылды

2. Мәтінді тыңда.

Ана

  Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі – тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?! Па, шіркін, ананың айналып- толғанғаны кімнің есінен кетеді?!
  Шырылдап жерге түскеннен-ақ, сенің ең бір жақын досың, ең бір жақын ұстазың бар. Ол – ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап уанбай, жылап іздейтінің – ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол – ана. Ол – саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол – ана.
  Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе, толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес!
  Мен білетін қазақ әйелі – қазақпындейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.

Баубек Бұлқышев

3. Автор туралы әңгімеле.

Баубек Бұлқышев
1916–1944

  • Қарағанды облысы Жезді ауданында туған.
  • Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапқан жазушы.
  • «Соғысқа қатысқан жас жазушы Баубек Бұлқышев өзінің «Өмір мен өлім туралы», «Өмір сүргім келеді», «Шығыс ұлына хат» сияқты публицистикалық еңбектерінде майдандағы жас адамның жүрек тебіренісін әңгімеледі».

Серік Қирабаев

4. Берілген құрылым бойынша мәтіннің жанрын анықтаңдар.

1) Мәтіннің тақырыбы – … .
2) Жазушының тақырыпты түсінген сөйлемі, тұжырымы.
3) Сол тұжырымды өрбітетін сөйлем, көркем ойды дамыту.
  а. Бірінші сөйлем.
    Дамыту:
  ә. Екінші сөйлем: Ана деген сөздің өзі ыстық.
    Дамыту:
4) Қорытынды: тұжырыммен байланыс.
5) Азат жол.
6) Эссе бөліктеріндегі сөздер саны (тұжырым, көркем ойды дамыту, қорытынды).

Публицистикалық шығарманың ауызша түріне шешендік сөздер жатады. Жазбаша түрлері: мақала, эссе т.б.

ананың тілі
ананың махаббаты
ананың тілегі
анаға деген махаббат
толқымайтын
жүрек, тасымайтын
қан, сезбейтін сезім

5. Мәтінді жаттап алып, мәнерлеп оқы.

6. Өлеңді түсініп оқы.

Парызымды өтер ме ем?

Балара болып,
Гүл-гүлге қонып,
Анама бал жинасам.
Тынбастан теріп,
Бейнетін көріп,
Терлеп жанды қинасам;
Гүлдің жұпар балымен
Анамды мен сыйласам,
Ақ сүтін берген өтер ме ем?!
Парызымнан құтылып,
Мұратыма жетер ме ем?!

Адам болып аялы,
Алдында жүрсем жарасып;
Шынардай болып саялы,
Жағдайына қарасып;
Әдепті болып, ізетті,
Ауылға жақса мінезім;
Көрсетіп игі қызметті,
Жай қылсам жанын, жүрегін,
Ақ сүтін берген өтер ме ем?!
Парызымнан құтылып,
Мұратыма жетер ме ем?!

Өтебай Тұрманжанов

7. Өлең тақырыбындағы сұрақ төңірегінде ой қозғап, эссе жаз.

×
×

Корзина