Жалынды ақын-күйшілер

1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.

Адай

Құрманғазының күйі

Жұмыр-Қылыш

Махамбеттің күйі

Құрманғазының «Адай» күйін тыңда. Тыңдаған күйіңді қалай сипаттар едің (лирикалық, батырлық, мұңды, көңілді, жігерлі)?

• Махамбет ақынның «Жұмыр-Қылыш» күйін тыңда. Күй сенде қандай сезім тудырды?
• Тыңдаған күйлеріңе қандай суретті таңдайсың және қандай атау қояр едің?
• Құрманғазы мен Махамбет күйлеріне арқау болған ортақ тақырыпты ата (шайқас алды, шайқас, жекпе -жек).

2-тапсырма. Ақпарат іздеу.

   Махамбет Өтемісұлы (1804–1846) – қазақтың әйгілі ақыны, күйші, композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836–1837) ұйымдастырушылардың бірі. Атырау облысында дүниеге келген. Махамбеттің жалынды жырларымен бірге «Жұмыр-Қылыш», «Қайран Нарын», «Өкініш» күйлері ел ішіне кең таралған.

   Құрманғазы Сағырбайұлы (1818–1889) – күй атасы. Атырау облысында дүниеге келген. Әлемге әйгілі «Адай», «Сарыарқа» күйлерімен қатар Исатай-Махамбет көтерілісіне арналған «Кісен ашқан», «Кішкентай» күйлері бар.

   Құрманғазы ұлы күйші болса, Махамбет те атақты ақын, шебер күйші. Екі атақты тұлғаның шығармалары күрес-тартыс үстінде туған. Егер Құрманғазы «Адай» күйінде халықтың жігерін көрсетсе, Махамбет ақын Жұмыр мен Қылыш деген батырлардың ерлігін күй арқылы жеткізген.

   Екі күйші де батырлық музыкаға жақын тақырыпта шығарма жазған.

3-тапсырма. Орындау.

• Екі топқа бөлініп, «Адай», «Жұмыр-Қылыш» күйлерінің әуендерін нотаға қарап, ля буынымен орындаңдар.

«Адай» күйінен үзінді

• Әр топ өзі таңдаған күй үзінділерін орындаушыларына ырғақтық сүйемел жасайды.

«Жұмыр-Қылыш» күйінен үзінді

4-тапсырма. Таныстыру және бағалау.

• Таныстыру барысында әр топ бірін-бірі жігерлендіру мақсатында орындайтын күй үзінділерінің ырғағын алақанымен соғып орындайды.

×
×

Корзина