Адал достық

Өлеңдегі көркемдік тәсілді анықтаймын және мәтінді бөліктерге бөліп, ат қоямын.

1. Суреттерге қарап, достық туралы нақыл сөздер айтып көр.

2. Түсініп оқы.

Достық туралы

(Ел аузынан)

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:
– Достық нешеу? – деп сұрақ қояды.
Сонда Әйтімбет тұрып:
– Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық та, екіншісі – амал достық.
– Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
«Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады», – деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.

3. Мәтіндегі жауабы бар сұрақтарды анықта. Осы сұрақтарға сәйкес мәтінді екі бөлікке бөл. Тақырып ойластыр.

4. Жалғастырып жаз. Нақыл сөздермен көркемде.

1. Адал достық дегеніміз – сенімділік пен түсіністікке құрылған қарым-қатынас.
2. Амал достық – бұл адамдар өздері ойлап тапқан шартты ұғым.

5. Тыңда.

Жақсыменен дос болсаң…

Жақсыменен дос болсаң,
Айырылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Алдыңнан шығар өбектеп,
Жаныңа не керек деп.
Жаманменен дос болсаң,
Айырылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Басқа кетер бөлек деп.
Қолдан берер есептеп,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Махамбет Өтемісұлы

асты-үстіне түсіп бәйек болу, жаны қалмау.

өлеңдегі әрбір жаңа жолдың біркелкі дауыссыз дыбыстан басталып қайталануы.

6. Автор туралы біліп ал.

Махамбет Өтемісұлы
1803–1846

Махамбет Өтемісұлы – азаттық аңсаған ақын, батыр. Батыс Қазақстан облысы Бекетай құмында туған. Елім деп еңіреген ердің бостандық сүйгіш жырлары мен толғаулары халық жүрегінің төрінен орын алған.

7. Өлеңнен бірдей дауыссыз дыбыстардан басталып тұрған өлең жолдарын тауып, теріп оқы.

8. Өлеңді екі бөлікке бөліп, ат қой. Оқиға ойластыр.

9. Пікірталас.

– Дос таңдауда ата-анаңмен ақылдасасың ба?
– Досыңның қандай болғанын қалайсың?
– Өзіңді қандай доспын деп санайсың?

×
×

Корзина