Мерекелік қуаныш

1-тапсырма. Әңгімелеу.

• Суретте қандай мереке көрсетілген?
• Отбасылық, мемлекеттік қандай мерекелерді білесің?

   «Мереке» ұғымы барлық халықтардың сөздік қорында бар. Мереке дегеніміз мемлекеттік деңгейде ресми түрде бекітілген салтанатты мейрам. Мерекелер ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби (мұғалім, әскери, медицина…) және өзге де мерекелер (отбасылық: туған күн, тілашар) болып бөлінеді. Мемлекеттік мереке күндері халқымыз арнайы ұйымдастырылған концерт, түрлі сахналық қойылымдарды қызықтап, демалысын мәдениетті өткізеді.

2-тапсырма. Зерттеу.

   Мемлекеттік деңгейде тойланатын мерекелердің бірі – 1 мамыр. Қазақстан халқының Бірлігі күні. 1 мамыр мерекесінде Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдері бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Мерекеде әр ұлт ән шырқап, би билеп, өздерінің дәстүрлері мен салттарын, өнерлерін көрсетеді.

3-тапсырма. Орындау.

Мерекедегі тұсаукесер

(сахналық қойылым)

   1 мамыр мерекесі күні Асқардың үйінде інісінің тұсаукесер тойы өтті. Тойға Асқардың жақын туыстары мен көршілері келді. Көршілердің ішінде түрлі ұлт өкілдері де бар. Тойда тұсаукесер жыры айтылып, орыс, татар, өзбек әндері шырқалды.

• Берілген мәтінді сахналық қойылым түрінде көрсет.
• Сыныптастарыңмен бірге тұсаукесер жырын айтып, орыс, татар, өзбек халық әндерінен үзіндіні үш топқа бөлініп орындаңдар.

Калинка-малинка

(орыстың халық әні)

Ах, под сосною, под зеленою,
Спать положите вы меня.
Ай, люли-люли, ай, люли-люли,
Спать положите вы меня.

Қайырмасы:

Калинка, калинка, калинка моя,
В саду ягода-малинка, малинка моя.
Калинка, калинка, калинка моя,
В саду ягода-малинка, малинка моя.
Калинка, калинка, калинка моя,
В саду ягода-малинка, малинка моя.

Бойчечак

(өзбектің халық әні)

Бойчечагим бойланди,
Қозон тула айрондир,
Айронингдан бермасанг,
Қозон-товоғинг вайрондир.

Қайырмасы:

Қаттиқ ердан қазиб чиққан бойчечак,
Юмшоқ ердан юмолаб чиққан бойчечак.
Бола бола, бола, Бола бола, бола, Бойчечак!
Бойчечак!

Эй, аламаагачлары – Сайрый сандугачлары

(татардың халық әні)

Эй, кирдим алма бахчасына.
Алма жерге қуйилған,
Жырлый алмыша,
Тузей алмый.
Жеген дуслар жйилған.

Қайырмасы:

Эй, алмагачлары,
Сайрый сандугачлары.
Сайрый, сайрый,
Сайрый, сайрый
Сагындыра башлады.

4-тапсырма. Таныстыру.

• Сахналық қойылымды таныстыр.

5-тапсырма. Бағалау.

• Сахналық қойылымға қатысқан әр топ бірін-бірі бағалайды.

×
×

Корзина