Мерекелі мамыр

1-тапсырма. Ақпарат іздеу.

Мамыр айындағы халқымыз үшін қастерлі мерекелердің бірі – 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Берілген бейнежазба мен суретке қарай отырып, Ұлы Жеңіс күні жөнінде әңгімеле. Өзінің ерлігімен Отанын қорғаған қазақ майдангерлерін есіңе түсір.

2-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.

День Победы

Өлеңін жазған: В. Харитонов
Әнін жазған: Д. Тухманов

Бейне жазбадан «День Победы» («Жеңіс күні») әнін тыңда.

• «День победы» әні қандай музыкалық жанрда жазылған (марш, би сипатында, лирикалық)?
• Музыкалық шығарманы орындаған қандай аспаптар?
• Қалай ойлайсың, барлық салтанатты үлкен шерулерге қандай оркестр (симфониялық, әскери оркестр, үрлемелі аспаптар оркестрі, халық аспаптар оркестрі, эстрадалық оркестр) қатысады?

3-тапсырма. Зерттеу.

• Әскери оркестр құрамына кіретін аспаптармен таныс.

жезді

тромбон

труба

туба

валторн

саксофон

ағаш

гобой

кларнет

ұрмалы

үлкен барабан

тарелка

кіші барабан

4-тапсырма. Орындау.

Егемен елім

Өлеңін жазған: О. Нұрмахан
Әнін жазған: А. Алмағанбетов

1.

Көңілім күмбез күн еді,
Тегінде бастау тілегі.
Ұрпағы сайын даланың
Елім деп соққан жүрегі.
Бұзылмас бірлік қаймағы,
Жасампаздығы жайдары.
Сөгілмес кие ақ сауыт,
Ұлтымның ұлан айбары.

Қайырмасы:

Даладан алып кеңдікті,
Тұмарлап сәби теңдікті.
Байрақты биік көтердік,
Қастерлеп егемендікті.

 

2.

Атына мінді азаттың
Ұл менен қызы қазақтың.
Тұғыры тәуелсіздіктің,
Қыраным сүйген ғажап күн.
Еркіндік алған елім бай,
Кең-байтақ туған жерім бай.
Атадан қалған ұрпаққа
Тау-теңіз, дала, көлім бай.

Қайырмасы:

Даладан алып кеңдікті,
Тұмарлап сәби теңдікті.
Байрақты биік көтердік,
Қастерлеп егемендікті.

• Әннің өлең жолдарына назар аудар.
• Ән шумағы мен қайырмасының әуенінде қандай орындалу ерекшеліктерін байқадың?
• Әнді жігерлі, көтеріңкі көңіл күйде орында.

5-тапсырма. Орындау.

• «Егемен елім» әнін қыздар мен ұлдарға бөлініп, кезектесе хормен орындаңдар. Әннің бірінші шумағының 1, 2, 5, 6-тармақтарын ұлдар, 3, 4, 7, 8-тармақтарын қыздар орындайды. Қайырмасын бірге орындаңдар.

6-тапсырма. Таныстыру және бағалау.

• Орындауыңды сыныптастарыңмен бірге таныстыр және бағала.

×
×

Корзина