Қасиетті домбыра

Теңеу сөздерді табамын және өз сөзімде қолданамын.

1. Түсініп оқы.

Домбыра

Домбыра ғана біліпті,
Қазақтың барлық қайғысын.
Кімің бар одан сүйікті –
Шаппай бер оның бәйгісін.

Қайтпаған шерін батырдың,
Домбыра ғана қайтарды.
Айтпаған жырын ақынның,
Домбыра ғана айта алды.

Атадан қалған сол мұра,
Ұрпаққа бізді жалғай ма?
Әркімнің жаны домбыра,
Тек тарта білер қол қайда?!

Тұманбай Молдағалиев

2. Өлеңге сүйеніп, тұжырым жаса.

Домбыра – …

3. Өлеңді жаттап ал.

4. Зер салып тыңда.

Домбыра

Домбыра, сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң – тіл бар ма?
Тіл жоқ деуге бола ма,
Тілден анық үн барда?
Домбыраның күші мол
Көмейінде күй барда!

Сыңғырлады әсем күй
Қоңыр Балқаш желімен.

Сылдырлады қамыстай,
Бірде жуық жеделдеп,
Бірде сарын алыстай.
Бірде жерді су басты,
Сел қаптаған дабыстай.

Ілияс Жансүгіров

5. Автор туралы әңгімеле.

Ілияс Жансүгіров
1894–1938

  • Ұлтшыл деген жалған жаланың құрбаны болған.
  • «Құлагер», «Күйші» поэмалары бар.
  • «Халқыңның сырын өзің білесің де, Ісіне күйесің де, күлесің де. Қаласың кейде кейіп, кейде мәз боп, Әйтеуір, сол халықты сүйесің де».

Ілияс Жансүгіров

6. Өлеңдердің құрылымына мән бер. Өлеңдегі теңеулерді тауып, белгі қой. Талдап айт. Ақын сұрақтарына жауап беруге бола ма?

7. Өлеңдегі сұрақ белгісінің қызметін анықта.

А. сұрақтарға жауап алу үшін
В. өлеңнің ұйқасы үшін
Г. ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін
Д. өлеңнің құрылысы үшін

8. Домбыра туралы 5 жол өлең құрастыр. Теңеу сөздерді қолдан.

×
×

Корзина