Көргенмін сені
Ғасырлар терезесінен.
Тағлымыңды танып,
Тарихтың шежіресінен.
Көгілдір күмбездерің бой таластырғандай,
Кеудесі көк тіреген хандардың дәрежесімен.
Көкірегіне сыр түйіп, байтақ армандай,
Ғұлама жылдар бастарын шайқар ормандай.
Қасиетті Тайқазан қайта келген соң,
Қазағымның құты да қайта оралғандай.
Ынтығып, неге ұмтылар саған мұнша адам,
Қаншама ақын жыр арнап, қалам жұмсаған?
«Ұлылық деген не?» десе, көрсетем сені,
«Қасиет деген не?» десе, қараймын саған!