Сықақ өлеңдерді талдаймын және
кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беремін.
1. «Киім кию мәдениеті» дегенді қалай түсінесің?
2. Түсініп оқы.
Модалар
Бірі – қаладан, Бірі – даладан, Екі жігіт Театрда жүріп, Таңданысты сырттай Бір-біріне күліп. Далалық сол шақ Ойлады зер сап: «Япыр-ай, ана Жігітті қара. Тал бойы сыптай, Сымпиған бұтты-ай! Шіркіннің басы-ай, Дудыраған шашы-ай! Әлде, әйел ме? Ұқсамайды-ау, әй, ерге. Жасаған тоба, Бұл қандай мода? Бәтеңкесінің табаны Жарты метр шамалы. Кәстөмі шұбар, Әсті, алаша шығар. Мойнына таққан Қарғыбауды қайдан тапқан? Ауылға барса, Күлер ек қанша», –
Деп тұрған кезде, Өзі де ілінді сөзге: Қалалық Қарады бір аларып. «Мына жігіт қайдан келген? Шамасы Айдан келген. Бұтындағы шалбар ма? Әлде дамбал ма? Жарты метр далақтай Жарасымсыз балақты-ай! Қоқиған тымақ Ерсі тым-ақ. Үстіндегі жейде Қап секілді бейне». * * * Осылайша модалар Бірін-бірі сынады. Әркім өзі жобалар, Кімге не ұнады?