Жас шахматшы

Сөйлеу барысында фотосуретті қолданамын.

1. Жаңылтпашты жаңылмай айт.

Шахмат білетін Ахмет
Шахмат білмейтін Шахметке дөп келді.
Шахмат білмейтін Шахмет
Шахмат білетін Ахметке мат берді.

Ұлықбек Есдәулет

2. Мұқият тыңда.

Шахматшылар

Міне, бұлар нағыз дарын,
Міне, бұлар нағыз ғалым!
Шахматшы ағайынды
Келеді шын уағыздағым.

Қанша шыдам бойларында!
Қанша жүріс ойларында!
Қаншалықты толқиды олар
Ойнағанда, ойланарда?!

Біле алмайсың бұрыс дерін,
Біле алмайсың дұрыс дерін.
Алма-кезек ойланады
Екі жақтың жүрістерін.

Бір жүрісі – сүйіншілік!
Бір жүрісі – қиыншылық!
Мен олардай ойлар болсам,
Кетер еді миым шіріп!

Қуат берген сүті ананың,
Мен де кейде тұтанамын.
Болмасам да шын ойынпаз,
Кейбіреуді ұта аламын!

Дегенменен ысыл сен де!
Тек бекерге кісімсінбе!
Бұл ойынды ойнау түгіл,
Жетіп жатыр түсінсең де!

Ойдың жүгін артып нарға,
Сақтана жүр,
Қарпып қалмай!
Не жетеді
Болғаныңа
Каспаров пен Карповтардай.

Қадыр Мырза Әли

шахмат (дойбы) спортындағы жоғары атақ.

3. Өлеңнің авторы туралы әңгімеле.

Қадыр Мырза Әли
1935–2011

  • Ақын, Қазақстанның халық жазушысы.
  • Аударма саласында көп еңбек етті.
  • «Қадыр – тапқыр ақын. Жаңа идеялар жыршысы».

Зәки Ахметов

4. Шахмат ойынының маңыздылығы неде деп ойлайсың? Қандай белгілі шахматшыларды білесің?

5. Түсініп оқы.

  Жансая Даниярқызы Әбдімәлік – жас шахматшы қыз. Ол он төрт жасында гроссмейстер атанған. Төрт дүркін әлем чемпионы. Қазақстаннан шыққан қыздар арасындағы алғашқы әлем чемпионы.

6. Жансаяға қандай тілек білдіресің? Хат жаз.

×
×

Корзина