Кәсіптер сыры

Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтаймын, дәлелдер келтіремін.

1. Түсініп оқы.

Кәсіптер иісі

Бақсақ,
Әрбiр кәсiптiң
Иiсi ерекше, әр қилы.
Нан дүкеннен
Ашытқы,
Нанның иiсi аңқиды.

Өтсең
Ағаш шеберi
Сарайының жанынан,
Тақтай иiсi келедi
Жаңа ғана жонылған.
Сыршылардан аңқиды
Скипидар, сыр иiсi.
Әйнекшiнiң аңқиды
Сырға ұқсас бiр иiсi.

Шофёрлардан аңқиды
Бензин сiңген шаң иiсi.
Жұмысшыдан аңқиды
Мәшиненің май иiсi.
Кондитерден аңқиды
Мускат, жаңғақ дән иiсi, 

Дәрiгерден аңқиды
Йод иiсi, дәрi иiсi.
Шаруадан аңқиды
Шалғын иiсi, жер иiсi.
Балықшыдан аңқиды
Балық иiсi, көл иiсi.
Аңқып жүрсе үнемi
Жұмыскердiң гүл иiсi.

Ылғи борсып жүредi
Жұмыссыздың бiр иiсi.
Кер жалқаулар
Үстіне
Қаншама әтір сепсе де.
Септігі жоқ йісіне,
Жоя алмайды ол йісін.

Джанни Родари
Аударған Абдырахман Асылбек

2. Өлеңдегі негізгі ой қай жолдарда берілген? Тауып оқы. Пікір білдір.

3. Негізгі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелдерді айт.

4. Мұқият тыңда.

Теңізші сағынышы

Теңізші күні-түні су бетінде,
Күзетте Мұзмұхиттың бір шетінде.
Көре алмай көк жиекке көз тігеді
Отанның өзі түгіл, суретін де.

Теңізші суда ширап, суда өседі,
Алыстан туған жермен тілдеседі.
«Шіркін-ай, бір тамшысы бал қымыздың,
Бір жұтсам, шөліркеуді білмес едім!..»

Теңізші су кешпейді, ой кешеді,
Алыстан арманымен сөйлеседі.
Ауылдан жатса да ұзап жұлдыз-қыздар,
Жұлдызын бұ да таппай қоймас еді.

Теңізші ой кешеді, – мұң кешеді,
Есіне түскен сайын күн кешегі.
Сарғайтқан сағынышта жақсылық бар:
Ер онсыз ел қадірін білмес еді?!

Мұзафар Әлімбай

5. Өлеңге сүйеніп, теңізші сөзімен 3 сөйлем құрастыр.

6. Теңізші болу үшін қандай қабілеттер керек деп ойлайсың? Төмендегі сөздердің тізімін қара. Ең қажеттілерін таңдап ал. Түсіндір.

· батылдық
· шыдамдылық
· күштілік
· палуандық
· білімділік
· ақылдылық

· дарындылық
· талаптылық
· ұқыптылық
· сымбаттылық
· сабырлылық
· шешендік

7. «Мен теңізшімін». Кейіпкер бейнесін жаса: киімі, мінезі, …

×
×

Корзина