Демалыста жайлауда
Жүрдік інім екеуіміз,
Мезгілді тек ойнауда
Өткізбедік бекер біз.
Талай өлең жатталды,
Талай кітап оқылды,
Еңбегіміз ақталды,
Толтырған соң олқыны.
Сонда да інім мін тақты,
Менен көріп барлығын.
– Тап, – деп, – қызық кітапты
Қиғылықты салды інім.
«Үлкен бір кітап табайын
Маған ер де жүр», – дедім.
«Қызықтың саған талайын
Көрсетейін, біл», – дедім.