1. Кімнің шығармасынан алынған үзінді? Ол туралы не білесің?
«Уа, дариға, алтын бесік туған жер,Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!»
2. Мәнерлеп оқу үлгісіне назар аудар.
Мен – табиғат бөбегі
Мен – табиғат бөбегі,Еркін жанмын, еркемін.Аузымда жастық өлеңі,Еркелеп күйім шертемін.
Жарқ-жұрқ етіп жүрудіНайзағайдан үйренгем.Шадыман, шат боп күлудіКүн мен Айдан үйренгем.
Тәкаппарлық, ерліктіАсқар таудан үйренгем.Мен бір жанмын еріктіЖарысып желмен жүгірген.
Ашу, қайғы дегендіҚара бұлттан үйрендім,Өз еркімше сілтемейҚашан ғана имендім?!
Қасым Аманжолов
3. Ақын ойын түсіндің бе? Өлеңнің тұжырымы ретінде қай жолдардыатайсың?
4. Өлеңге сүйеніп, сәйкестендір.
ашу, қайғы
тәкаппарлық, ерлік
шадыман, шат күлкі
жарқ-жұрқ
5. Түсініп оқы.
Үйрену
Ұзын құйрық инелік,Инелікке тимелік.Тікұшақты жасадық,Инеліктен үйреніп.
Суда жүзген балықтыБақыладық байыпты.Соған қарап жасадық,Біз сүңгуір қайықты.
Ұзын мойын, сирақтыБілесіңдер жирафты.Соған қарап ағаларКрандарды жинапты.
Ақ құманның оттағыБүлкілдейді қақпағы.Соған қарап белгіліПаровозды тапқаны.
Бұлбұл үнін қаншалық,Тыңдап жүрдік тамсанып.Ақырында үйрендік,Тамылжыта ән салып.
Аяз шебер суретші,Салады әсем суретті.Терезені оюлап,Өрнектеуді үйретті.
Абдырахман Асылбек
6. Ақын ойын өз сөзіңмен түсіндір. Өз бетіңше жалғастырып айт.
7. Екі өлеңге ортақ бір тақырып ойластыр, түсіндір.
8. Суреттегілердің ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа техника ойлап тап.
Корзина