І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚҚА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

  1. Термин мен оның сипаттамасын сәйкестендіріп, жауабын кестеге жазыңдар.

  2. Суретті мұқият қарап, мынадай элементтерді белгілеңдер:

  1. Ерекше антидене.
  2. Антиген.
  3. Интерферон (ерекше емес антидене).
  4. Лимфоцит.
  5. Ерекше иммундық жауап.
  6. Ерекше емес иммундық жауап.
  7. Антидененің қалыптасу үдерісі.
  8. «Антиген-антидене» реакциясы (ұлпалық иммунитет).
  9. Фагоцитоз (жасушалық иммунитет).

3. Бос орынға ферменттердің жұмысын сипаттайтын сөздерді немесе сөз тіркестерін жазыңдар.
  1. Тірі жүйелердегі барлық (немесе көбісі) ферменттер химиялық табиғаты бойынша __________, бірақ барлық ферменттер ___________.
  2. Бірде-бір тірі жүйе _________ болмаса және _________ реакциясы жүрмесе тіршілік ете алмайды.
  3. Ферменттермен әрекеттесетін зат _______ деп аталады. Кез келген химиялық реакция сияқты ферменттік реакция нәтижесін ________ деп атайды.
  4. Егер фермент молекуласы мен субстрат тікелей жанаспаса, онда ферменттік реакцияның жүруі __________________________________.
  5. Егер реакция ферменттік немесе катализдік болса, онда ферментсіз (температураның немесе қысымның жоғарылауы, зат концентрациясының немесе олардың жанасу ауданының ұлғаюы сияқты басқа да жағдайлар өзгерген кезде) реакция өнімінің түзілуі __________________________.
  6. Егер реакция ферменттік немесе катализдік болмаса, онда ферментсіз (температураның немесе қысымның жоғарылауы, зат концентрациясының не олардың жанасу ауданының ұлғаюы сияқты басқа да жағдайлар өзгерген кезде) реакция өнімінің түзілуі ____________, бұл үдерістің жылдамдығы _____________________.
  7. Ферменттер әрекеттесуге (байланысуға) қабілетті субстрат мөлшері бұл ___________________ зат, не ___________________ зат мөлшері.
  8. Көптеген ферменттік реакциялар құрғақ затта мүлде __________.
  9. Егер қандай да бір химиялық реакция катализдік болмаса, ол ферментсіз _______________________ .
  10. Фермент болса әрдайым _____________ катализдік реакцияның және (немесе) _____________ оның жылдамдығына энергия жұмсалады.
  11. ________________ болмаса, ең қарапайым бактериялардың өзі тіршілігін қамтамасыз ете алмайды.
  12. Субстратпен тікелей байланыспайтын фермент молекуласының белсенділігі аз бөлігі __________________ болып табылмайды.
  13. Субстратпен тікелей байланысатын фермент молекуласының белсенділігі көп бөлігі __________________ деп аталады.
  14. Тірек әрі тұрақтандырушы қызмет атқаратын фермент бөлігі, әдетте _____________ түрінің _____________ қалдығынан тұрады.
  15. Аминқышқылдарынан басқа құрамына металдар, дәрумендер немесе басқа күрделі заттар кіретін фермент бөлігі ________________ деп аталады.

4. Сызба-суретте мынадай элементтерді көрсетіп, оларды терминдермен белгілеңдер:

  1. Ферменттің белсенді орталығы.
  2. Субстрат.
  3. Реакция өнімі.
  4. Фермент-субстрат әрекеттесуі.
  5. Ферменттің белсенді емес орталығы.

  5. Кестеде берілген асқорыту және басқа ферменттер – І – ыдырау немесе ІІ – қосылу үдерістерінің қайсысын катализдейді? (* белгіленген асқорытуға қатысты емес ферменттерді жауапсыз қалдыруға болады).

  6. Транскрипция үдерісіндегі әрекеттердің дұрыс ретін анықтап көріңдер. Дұрыс мәліметтерді сызбаға жазыңдар.
  1. РНҚ-ның бірінші нуклеотидтерінің ДНҚ матрицасымен қосылуы.
  2. Эукариоттардың ядро шырынында а-РНҚ молекулаларының модификациялануы.
  3. РНҚ және ДНҚ комплементарлы нуклеотидтері арасындағы сутектік байланыстың бұзылуы.
  4. Транскрипция ферменттері әсерінен белгілі бір бөлікте қосшиыршықты ДНҚ-ның тарқатылуы.
  5. РНҚ-полимераза ферменті жұмысының аяқталуы.
  6. Транскрипция ферменттерімен РНҚ энергетикалық бай нуклеотидтердің (трифосфаттардың) байланысуы.
  7. Транскрипция ферменттерінің активациясы және олардың ДНҚ нуклеотидтерімен молекуланың белгілі бір бөлігінде байланысуы.
  8. а-РНҚ молекуласының қос ядролық мембранамен жойылуы, оның жасуша цитоплазмасына енуі.
  9. ДНҚ комплементарлы нуклеотидтері арасында сутектік байланыстың қалпына келуі.
  10. РНҚ нуклеотидтерін өзара фосфодиэфир байланыс, ал ДНҚ – нуклеотидтерін сутектік байланыс арқылы өзара қайталап ретті байланыстыратын полимеразалық реакция.
  __→__→__→__→__→__→__→__→__→__ – транскрипция үдерісінің аяқталуы.

7. Кестеде прокариот транскрипциясына тән үдеріс әрекеті мен сипаттамасын П; эукариот транскрипциясына тән болса – Э, ағзалардың осы тобы үшін ортақ үдеріс әрекеті мен сипаттамасын О әрпімен, «–» белгісімен ешқайсысына тән емес сипаттаманы (прокариоттарға не эукариоттарға) белгілеңдер.

  8. Мынадай үдерістер үшін қандай зат матрица болып табылады?
  1) репликация;
  2) транскрипция;
  3) трансляция.
  Кестенің екінші бағанын толтыра отырып, бірінші бағандағы жеке заттар бірнеше үдеріс үшін матрица болуы не болмауы мүмкін екенін ескеріңдер.

  9. Трансляция үдерісіне қатысушылардың рөлі немесе сипаттамасына сәйкестігін анықтап, тұсына қажетті цифрды жазыңдар (* белгісімен белгіленген тапсырмалар бұл курстан тыс екенін есте сақтаңдар, тек ниет білдірген оқушылар орындайды және жеке баға қойылады).

  10. Генетикалық код қасиеті мен оның сипаттамасының арасындағы сәйкестікті анықтап, кестені толтырыңдар.

11. «Молекулалық биологияның орталық догмасына негізделген (қағидасы)» сызбасына жетпейтін элементтерді қойыңдар:

ДНҚ → ? → ? → нәруыз
? → кодон → антикодон → ?

12. Хлоропласт құрамына кіретін бөліктер мен құрылымдарды олардың сипаттамаларына сәйкестендіріп, кестеге толтырыңдар.

  Жауаптар кестесі (бір рим саны бірнеше әріпке сәйкес келетінін ескеру керек. Әрбір әріпке кем дегенде бір, ең көбі көптеген рим цифры сәйкес келеді):

  13. Суретті зерделеп, бейнеленген элементтер мен оларды белгілейтін терминдер арасындағы сәйкестікті анықтаңдар:
1) хлорофилл;
2) граналар;
3) строма;
4) ламеллалар;
5) сақинатәрізді ДНҚ;
6) хлоропласт рибосомасы.

14. Пластидтер типтері мен олардың сипаттамалары арасындағы сәйкестікті анықтаңдар.

  15. Жарық фазада жүретін әрекеттердің дұрыс ретін анықтаңдар. Оларды фотофосфорилдеу, фотолиз үдерістері және олардың нәтижелері бойынша бөліп орналастырыңдар.
  №15а

  №15ә

  №15б

  16. Сызбанұсқаны қараңдар. Сұрақтарға жауап берiңдер.

  1. Фотолиз деген не?
  2. Су молекуласы қандай құрамбөлiктерге ыдырайды?
  3. Су ыдыраған кезде сутегiнен алынған электрон не үшiн қолданылады?___________________________________
  4. Хлорофилден түскен НАДФ·Н электронмен қосылу соңынан қайда түседi?
  5. Атмосфераға түсетiн молекулалық оттегi қайдан алынады?
  6. Хлорофилге үнемi электрондар жеткiзу не үшiн қажет?
  7. Жарық реакциясының қандай маңызды үдерісі сызбада сипатталмаған?

  17. Фотосинтездің қараңғы фазасында жүретін реакциялардың ретін анықтаңдар. Егер циклдің басталуы атмосферадағы көміртек молекуласын тіркеу деп есептесек:
 1. С3 қосылыстардың екі молекуласының түзілуі.
  2. Циклден глюкозаның дайын молекуласының шығуы.
  3. Жарық фазадан түскен энергиясыйымды АТФ фосфаты есебінен екіфосфатты бескөміртекті қосылыстың түзілуі.
  4. СО2-нің бескөміртекті дифосфатты қантқа қосылуы.
  5. АТФ энергиясын және НАДФ·Н-тен сутекті қолдану арқылы циклдегі көмірсулардың ретті ферментті өзара айналым реакциясы.

__→__→__→__→__

  18. Заттардың өзара түсуін көрсетіп, фотосинтездің барлық кезеңдерінің өзара және қоршаған ортамен байланысын көрсетіңдер. Сызбаға нөмірлердің орнына сәйкес құрамбөліктердің (заттар мен энергия) атауларын жазыңдар (немесе жауаптар кестесіне жазыңдар).

Фотосинтездің жарық фазасы

  19. Сәйкес келетiн белгiнi «+» белгiсiмен белгiлеп, фотосинтез фазаларын салыстырыңдар.

20. Сұрақтарға жауап берiңдер.
  1. Хлорофилдер қосымша электрондарды үнемi қайдан алады?______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
  2. Жарықпен өзара әрекеттесу соңынан хлорофилл молекуласында не болады?______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
  3. Тасымалдаушы электрондар тiзбегi не үшiн қажет?______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
  4. Нелiктен жарық фазасын көбiнесе фосфорландыру деп атайды?______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
  5. «Әлсiзденген», яғни энергиясын берген соң хлорофилдiң электроны қайтедi?______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
  6. Жарық фазасының қандай екi қосылысы мiндеттi түрде көлеңке фазасына түсуi қажет?______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  21. Терминдердi фотосинтез фазасы қатысына қарай сәйкестендiрiп орналастырыңдар.
  Жарық фазасы_______________________________________________________

  Қараңғы фазасы_______________________________________________________
  Терминдер: АТФ түзіледі; АДФ түзіледі; Н+ түзіледі; НАДФ·Н түзіледі; НАДФ·Н жұмсалады; С6Н12О6; жарық немесе күн; О2; Н2О; электрон немесе е; Кальвин циклі.

22. Термин мен оның сипаттамасын сәйкестендіріңдер. Біраз терминдердің бірдей биологиялық нысандарды көрсететінін ескеріңдер және оларды тура мағынасында, яғни олардың лексикалық мағынасын түсіну керек. Жауаптарды кестеге жазыңдар. Бір терминге бірнеше сипаттама сәйкес келуі мүмкін.

А – жасыл өсімдіктер;
Ә – шөпқоректі жануарлар;
Б – атмосферадағы азот;
В – жыртқыш жануарлар;
Г – азотфиксациялайтын бактериялар;
Ғ – топырақты азотсыздандырушы бактериялар;
Д – топырақтарға аммиакты қосылыстар.

24. Кестенi толтырыңдар. Энергия алу жолын салыстырыңдар:

  25. Бұл құбылыстардың сипаттамасын «+» немесе «–» белгiлерiмен көрсетiп жасушалық тасымалдың әртүрлi типтерiн салыстырыңдар.

26. Терминдерді қойып, сөйлемді толықтырыңдар.
1. Жасушааралық зат немесе жасушааралық сұйықтыққа толы емес өсімдіктің жасуша қабырғаларының арасындағы бос кеңістік _________деп аталады.
2. Өсімдік жасушалары цитоплазмасының жиынтығын ____________деп атайды.
3. Өсімдік ағзасының бір жасушасының цитоплазмасынан сұйықтықтың көрші жасуша цитоплазмасына саңылау арқылы өтуі, _________немесе керме _______________ дейді.
4. Бір жасуша вакуолінен сұйықтықтың басқа жасуша вакуоліне түсуі ____________________ деп аталады.
5. Вакуольді тасымал кезінде бірінші кезекте вакуоль қабықшасынан (мембранасынан) өтуі керек – ____________________.
6. Вакуольді тасымал кезінде вакуоль мембранасынан өтіп, сұйықтық жасуша ______________ болады. Бұл енді ______________ тасымал болады. Сыртқы жасуша мембранасынан өтіп, сұйықтық жасушааралық кеңістікке түседі және бұл енді ______________ тасымал болады.

27. Сәйкестігін анықтаңдар.

28. №1 және №2 жүйесіндегі жағдайға байланысты су қай бағытта қозғалатынын бағдармен (→ немесе ←) көрсетіп анықтаңдар.

  29. Берілген мәліметтер арқылы қандай жасуша тургор жағдайында болатынын анықтаңдар. Оны «+» белгісімен, ал тургор жоқ жасушаны «–» белгісімен көрсетіңдер.

  30. Су потенциалының гипотезалық мәліметтері мен ерітіндідегі тұздардың концентрациялары арасындағы сәйкестікті анықтаңдар. Су потенциалының қандай да бір мәні тұз ерітінділерінің бірде-біріне тура келмейтіні, ал қандай да бір мән бірнешеуіне тура келетіні естеріңде болсын.

  31. Гипотезалық басқару жүйелерінің құрамбөліктері мен адам және жоғары сатыдағы жануарлар ағзасының шынайы құрылымдары арасындағы сәйкестікті анықтаңдар. Мәліметтерді жауап кестесіне жазыңдар.

__→__→__→__→__→__→__→__→__→__

  33. Тiзбедегi ұғымдарды iрiктеп, денеге күш көбiрек түскен кезде ағзада жүретiн өзгерiстердiң сызбанұсқасын сызып көрiңдер:
  1) адреналин көп болғанда;
  2) энергетикалық алмасу күшейгенде;
  3) СО2 түскендiктен қанның ұюы;
  4) симпатикалық жүйке орталықтарының белсендiлiгi;
  5) қан қысымының жоғарылауы;
  6) жүрек соғуының жиiленуi;
  7) шеткi қан тарату тамырларының тарылуы және коронарлы тамырлардың кеңеюi;
  8) тердiң көп бөлiнуi;
  9) гликогеннiң глюкозаға ауысуы;
10) О2 тұтынудың артуы.

34. Қоршаған орта температурасы өзгерген кезде сүтқоректiлердiң
және адамның ағзасында болатын өзгерiстердi кестеде «+» белгiсiмен
белгiлеңдер.

35. Терминдермен, олардың сипаттамасымен (рим цифрлары) және мысалдарымен (араб цифрлары) арасындағы сәйкестiктердi анықтаңдар.
  Жылықандылар___________________________________________________________________________________
  Салқынқандылар___________________________________________________________________________________

  I. Дене температурасы тұрақты ағзалар.
  II. Дене температурасы тұрақты ағзалар.
  III. Энергияны үнемдеу үшiн көптеген түрлер ұйқыға кетеді немесе белсенділігін төмендетеді.
  IV. Тiршiлiк әрекетi дененiң сыртқы көздерiне тәуелдi:
  1) құстар; 2) өсiмдiктер; 3) қосмекендiлер; 4) iрi сүтқоректiлердiң көпшiлiгi; 5) балықтар; 6) жорғалаушылар; 7) ұсақ сүтқоректiлер; 8) эктотермділер; 9) эндотермділер; 10) салқынқандылар; 11) жылықанды жануарлар.
  V. Кейбір түрлер ұйқыға кетеді, бірақ олардың басым түрлері белсенді тіршілігін сақтайды.

36. Сәйкестігін анықтап, кестені толтырыңдар.

  37. Ауксиннің нәтижесінде өркендер өсетін өсімдік жасушасына әсер ету механизмін дұрыс ретпен орналастырыңдар.

  __→__→__→__→__

  38. Ауксин және гиббереллин гормондарының сипаттамалары мен қасиеттерін сәйкестендіріңдер. Жауап кестесін толтырыңдар.

  39. Жануарлардағы гаметогенез үдерiсiн бейнелеңдер. Сәйкес келетiн аймақтар атауын жазыңдар.

  40. Гаметогенез аймағына сәйкес келетiн үдерiстердi «+» белгісімен белгiлеңдер. Бір қатары бірнеше плюс таңбасы сәйкес келуі немесе бірде-біреуі дұрыс келмеуі мүмкін.

  41. Кестедегi сипаттамаға сәйкес «+» белгiсiмен белгiлеп, оогенез және сперматогенез үдерiстерi арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтаңдар.

  42. Сұрақтарға жауап берiңдер.
  1. Ұрықтану үдерiсi деген не?
  2. Сперматозоидтің қай бөлiгi цитоплазмасындағы жұмыртқа жасушаның мембранасына енедi?
  3. Сперматозоидтердің және аталық жасушалардың (өсiмдiктерде) цитоплазмасында митохондриялар мен хлоропластар бар. Осы органоидтерде ДНҚ да бар; оны «цитоплазмалық тұқымқуалағыштық» деп атайды. Бұл органоидтер мен олардың ДНҚ-сын ұрпақтар қай ата-енесiнен алатын болады?
  4. Ұрықтанбай көбеюдің ерекшелiгi неде?
  5. Егер бiр мезгiлде 2 сперматозоид 2 жұмыртқа жасушаны ұрықтандырса, қандай ұрпақ күтуге болады?

×
×

Корзина