Ғарыш әуені

1-тапсырма. Ойтолғау.

• Ғарыш (космос) ұғымын қалай түсінесің?
• Көрген бейнебаяндарыңнан ғарыш әлемін сезіне алдың ба?
• Қай бейнебаян саған ұнады? Неліктен?

   Ғарыш – Жерді қоршаған шексіз кеңістік. Бүкіл аспан денелері Күн, Ай, Жер, жұлдыздар және басқа ғаламшарлар ғарыш әлемін құрайды.

2-тапсырма. Тыңдау және талқылау.

«Simhoni»

(«Спейс» рок тобының орындауында)
Музыкасын жазған: Дидье Маруани

Сен көрген екі бейнебаяндағы қолданған музыка – француз композиторы Дидье Маруанидің «Simhoni» музыкалық шығармасы. Д. Маруаниді «синтезаторлар патшасы» атаған, ал ол құрған «Спейс» рок тобы 1980 жылдары әлемге танымал болды.
• «Спейс» рок тобының орындауындағы «Simhoni» музыкалық шығармасын тыңда, қандай бағытта (халықтық, классикалық, эстрадалық) жазылғанын анықта. Төмендегі анықтамаларды пайдалан.

   Халықтық музыка – ұлттық ән-күй, жырлар.
   Классикалық музыка – симфония, опера, сюита, романс және т.б. музыка жанрлары.
   Эстрадалық музыка – электронды музыкалық аспаптармен өңделген шығармалар. Қазіргі эстрадалық бағытта
кең таралған стильдер: поп музыка, рок музыка.
   Стиль – композитор немесе орындаушының музыкалық бейнені берудегі бағыты.

Эстрадалық стильдер

3-тапсырма. Зерттеу.

• «Спейс» рок тобының орындауындағы шығармадан өзіңе таныс музыкалық аспаптарды ата.
• Бейнебаяндағы шығарманың негізгі әуенінде қай аспаптың үні басым?

   Синтезатор – техника мен музыканың қосындысынан шыққан электронды музыкалық аспап. Клавиатура түрінде жасалған синтезаторды клавиштік синтезатор деп атайды. Компьютерлік бағдарламалар түрінде берілген синтезатор бағдарламалық синтезатор деп аталады.

   Фортепиано (итал. fortepіano, forte – қатты және
pіano – ақырын) – ішекті соқпалы-клавишті аспап. Пианино – музыкалық аспап.

   Орган – фортепиано сияқты клавишті, ең үлкен музыкалық аспап. Органның жоғары жағында орналасқан түтіктеріне ауа жіберу арқылы дыбыс шығарылады. Сондықтан оны үрлемелі-клавишті музыкалық аспапқа жатқызады. Аспап клавиштерін қолмен, ал төменгі тұсын аяқпен басып орындайды.

4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

Ғарыштық симфония

(Суырыпсалма)

Д. Маруанидің «Simhoni» музыкалық шығармасына аудасити бағдарламасының көмегімен суырыпсалма жаса.

×
×

Корзина