Жылдар және ғарыш музыкасы

1-тапсырма. Ойтолғау.

  Адамзат түсінігінде ғарыш, аспан әлемі қандай да бір ғажайыптың, сұлулық пен үйлесімдіктің, бірлік пен ынтымақтың, зұлымдық пен жамандық жоқ бақыттың мекені
сияқты көрінген.
   Ғарышқа жол ашылмай тұрған ғасырларда да ұлы композиторлар ғарыш әлеміндегі әсемдікті музыка арқылы берген. Мысалы: Италияның ұлы композиторы А. Вивальди, неміс композиторлары В.А. Моцарт, Л.В. Бетховен. Сол кездің өзінде-ақ композиторлар шығармаларына ғаламшар аттарын қойған: В.А. Моцарттың «Юпитер» симфониясы, Л. Бетховеннің «Лунная сонатасы» («Ай нұры»). Ал қазір Вивальдидің есімімен Меркурий ғаламшарының бір кратері аталады.

«Лунная соната»

Музыкасын жазған: Людвиг Ван Бетховен

   Ұлы неміс композиторы Л. Ван Бетховен Ай нұрының әсемдігін «Лунная соната» атты шығармасында көрсеткен.

«Лунная соната» («Ай нұры») фортепиано аспабына арналып жазылған. Сонатаны зейін қойып тыңда, бейнебаянды тамашала.

    Соната – бiрнеше қарама-қарсы (контрасты) бөліктерден тұратын аспаптық шығарма.

2-тапсырма. Орындау.

Сонатаның кіріспесін үнтаспадан тыңдап, негізгі әуенін ля буынымен орында:

   1. Мұғалімнің сүйемелімен:

   2. Мұғалімнің сүйемелінсіз:

3-тапсырма. Шығармашылық, зерттеушілік жоба.

   «Жылдар және ғарыш» музыкасы тақырыбында жоба қорға.

   Жоба тақырыптары:
«Чарльз Айвз және ғарыштық музыка», «Ғарыш және рок», «Жер кіндігі – Байқоңыр».
   Жоба талаптары:
«Ғарыш айлағы – Байқоңыр» бойынша:
1. Алғашқы ғарышкерлер. Қазақстандық ғарышкерлер жөнінде мәлімет жинақта.
2. «Мен ғарышкер боламын» әнін орында, сахналық қойылым дайында.
   «Чарльз Айвз және ғарыштық музыка» бойынша:
1. Композитор Чарльз Айвз жөнінде мәлімет жинақта.
2. «Космический пейзаж» оркестрлік пьесасының сахналық қойылымын дайында, безендір.
   «Ғарыш және рок музыкасы» бойынша:
1. Француз композиторы Д. Маруани мен «Спейс» рок тобы жөнінде мәлімет жинақта.
2. «Simhoni» шығармасына композиция дайында.

4-тапсырма. Шығармашылық жобаны көрсету, таныстыру, бағалау.

×
×

Корзина