Төртінші бөлімге қорытынды

  Бұл бөлімде білім мен ғылымның ежелгі кезден бүгінгі күнге дейінгі дамуымен таныстыңдар. Әртүрлі кезеңдегі білім мен ғылымның дамуына салыстырмалы талдау жасалды. Қазақстан аумағында ғылыми мекемелердің негізі жаңа заманда, яғни XVIII–ХХ ғасырдың бас кезінде қаланды. Кеңес дәуірінде мықты білім жүйесі құрылып, республика ғылыми базасының іргетасы қаланды. Алайда қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында марксистік-лениндік идеология орнығып, партиялық көзқарас ұлықталды.

  1946 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының құрылуы кеңестік Қазақстан ғылымының үлкен жетістігі еді. Оның негізін алғашқы президенті академик Қ. Сәтбаев қалады.

  Тәуелсіздік алған кезден бастап Қазақстанда бұрынғы кеңестік жүйенің білім беру дәстүрін де, сондай-ақ әлемнің басқа елдерінің жетістіктерін де алға тартып ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруде бірқатар іргелі істер тындырылды. Дегенмен білім саласында әлі де шешілмеген мәселелер кездеседі. Соңғы жылдары мемлекетіміз білім беру саласының жағдайын едәуір жақсарту үшін бірқатар іс-шаралар жүргізіп жатыр. Назарбаев Зияткерлік және заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген инновациялық мектептер ашылды. Жастар «Болашақ» Президенттік бағдарламасы бойынша білім алуда. Елімізде ғылым мен білім саласы өркендеп, дамып келеді.

×
×

Корзина