Жаяу Мұса (1835–1929) қазіргі Павлодар облысының Баянауыл жерінде дүниеге келген. Мұса 7-8 жасында хат таниды. Ол домбырада, сырнайда (гармоньда), скрипкада қазақ, татар, орыс әндерін орындап, өнер көрсеткен. Әнші, ақынның атақты «Ақсиса», «Хаулау» т.б. әндері елге кең танымал.