Аспаптар әлемі

1-тапсырма. Ойтолғау.

Жұмыр-Қылыш

Махамбет Өтемісұлының күйі

Өзіңе таныс ақын Махамбет Өтемісұлының «Жұмыр-Қылыш» күйін түрлі жанрлық орындауда тыңда (дәстүрлі, классикалық, эстрадалық).
• Күй әуенін есіңе түсір.

• Берілген бейнебаяндарда күй әуені қай нұсқада толық орындалды?
• Бейнебаяннан көрген күй нұсқаларының қайсысы саған ұнады?
• Ұнаған нұсқаларың бойынша топқа бірігіп, күйдің орындаушылық ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер (жетістіктері, артықшылықтары).

2-тапсырма. Күй тыңдау.

Көрұғлы

Дәулеткерейдің күйі

Электронды музыкалық асп аптардың жетілуіне байланысты ұлттық аспаптарымыздың бірі – домбыра да заман ағымына қарай өзгерді. Бейнебаяннан «Алдаспан» рок тобының орындауында Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйін тыңда. Күй саған 3-сыныптан таныс.
• Күйді қанша аспап орындады?
• Бейнебаяндағы домбыраларға назар аудар және үніне, дыбыс бояуына көңіл бөл.
• Дәстүрлі домбыра мен электрлі домбыра үн бояуының қайсысы жүрегіңе жақын?

3-тапсырма. Ән тыңдау және талқылау.

Мен қазақпын

Өлеңі мен әнін жазған: Е. Құдайбергенов

Мен қазақпын, тәуелсіз еркін елім,
Батылдық пен ерліктің өртіне ендім.
91-де туылып, мәңгі өлмеске,
Шаңырақтың түңлігін серпігенмін.


Туған елім, қыраным самғап ұшқан,
Елтаңбам бар көрген дер таңғалысқан.
Әлемге шырқатқан Әнұранды,
Жаралғандай жырым бар ар-намыстан.

Бес ғасырдан асқандай жаңғырып,
Асу-асу белестен бел қалдырып,
Қадамымды ширатып
Ширек ғасыр, ұлы жолды
Бастадым мен мәңгілік.


Мен қазақпын!
Ойланбай, жеке басым,
Ұлан-ғайыр бекіткен шегарасын.
Астананың төрінде табыстырған
Алтай мен Атыраудың екі арасын.

Қайырмасы:

Бұл кім десең, мен қазақпын,
Мың өліп, мың тірілген.
Көк байрақ туым бар,
Елім бар, жерім бар.

Әнші Ерболат Құдайбергеннің, Димаш Құдайбергеннің, «Алаш» тобының орындауында «Мен қазақпын» әнін тыңда.
• Ән қандай стильде орындалған? Орындалу ерек шеліктеріне сипаттама бер.
• «Мен қазақпын» әніндегі құндылықтарды ата (отансүйгіштік, батылдық……………).

4-тапсырма. Әнді үйрену, орындау.

   Өзің таңдаған өлең жолдары мен қайырмасын үйрен.

5-тапсырма. Бағалау.

Орындауларыңды таныстыр және бағала.

×
×

Корзина