Симбиоздық қарым-қатынас деген не?

- симбиоздық қарым-қатынасқа мысалдар келтіре аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер және тапсырмаларды орында

1. Жыртқыш жануарлар табиғатқа қандай пайда әкеледі деп ойлайсың?
2. Адам не үшін көптеген өсімдікқоректі жануарларды қолға үйретті?
3. Жыртқыш жануарлар мен өсімдікқоректі жануарларға мысалдар келтір.
4. «Блум текшесі»
Құс қолтырауынның аузында қалай жайбарақат жүреді?
Мүйізтұмсық өзінің арқасында қараторғайдың алаңсыз жүруіне неге жол береді деп ойлайсың?

Іңкәр зерттеу жүргізуді ұсынады.

Зертте

  Мақсаты: табиғатта қандай қарым-қатынастар бар екенін анықтау.
  Болжам жаса
  Болжамыңды мына сөздерден баста: «Табиғатта жан-жануарлар мен өсімдіктердің арасында өзара байланыс бар …».
  Өз болжамыңды тексер
  1. Суреттерге қара.
  2. Ара мен балараның тұмсықтарын салыстыр. Бұлардың қайсысы жоңышқаны тозаңдандыра алады деп ойлайсың? Неліктен?
  3. Қорытынды жаса. Өзара байланысты бағдаршамен көрсет.
  1. Бөкен неге басына қонған құсты үркітпейді? Құс не істеп тұр? Бөкенге оның қандай пайдасы бар?
  2. Қорытынды жаса.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Жануарлар мен өсімдіктердің алуан түрлері қатар тіршілік етіп, даму барысында олардың арасында тығыз қарым-қатынас орнағанына көптеген мысал келтіруге болады. Мұндай өзара тиімді және пайда келтіретін қарым-қатынастар симбиоздық деп аталады. Яғни симбиоз екі жаққа да жағымды қатынас.
  Мұндай байланыстар екіжақты пайда әкелетін жағымды арақатынас, яғни алуан түрлі екі ағзаның өзара тиімді тіршілік етуі.

Осындай қарым-қатынастарға мысал келтірейік

  Ұзын тұмсықты аралар ғана жоңышқаның гүлін тозаңдандыра алады.
  Самырсын қарағайы мен шырша бүрінің дәнімен қоректенетін самыркеш (самырсын құсы) – оны жалғыз тозаңдандырушы.
  Тақуашаяндар құрсағын ұлудың бос қабыршағына жасырады. Кейбір тақуашаяндардың қабыршағында актиния тіршілік етеді, ол өзінің қармауыштарымен жауды үркітіп жолатпайды. Екеуіне де осылай тіршілік ету қолайлы. Тақуашаян қорғанады, ал актиния қабыршақта қозға- луға мүмкіндік алады, бұл оған аулау аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Актиния тақуашаяннан қалған азықпен қоректенеді.

  Симбиоздың тағы бір түрі бар. Екі түр арасындағы қарым-қатынас, мұнда бір түр өзінің іс-әрекеті арқылы екіншісіне қорек немесе мекенжай тауып береді. Бұл – ағзалардың бір түрінің екінші бір түріне зиянын тигізбей өзіне тиімді тіршілік етуі.
  Саваннадағы кейбір құстар сусиырлардың (бегемоттардың), мүйізтұмсықтардың арқа терісінен жәндіктерді жабыстырып өздеріне азық табады. Сол себепті олардың үстінде (арқаларында) алаңсыз жүреді.
  Өте әдемі орхидей гүлі – комменсализмнің жарқын мысалы. Бұл гүлдер топырақта өспейді. Олар ағаштардың діңі мен бұтақтарына жабысып өседі.
  Симбиозға мұхиттар мен теңіздерде өмір сүретіндерден де көптеп мысал келтіруге болады. Мысалы, балықтар мен акулалар. Балықтар акула азығының қалдығымен қоректенеді.
  Симбиоздық қарым-қатынастың тағы бір түрі ол – белгілі бір ағзаның (паразиттің) екінші бір ағзаны тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі. Мысалы, масалар, кенелер, қандалалар.

Сызбаны толтыр.

Қызықты деректер

  Кейбір саңырауқұлақтар қандай құстармен симбиоздық қарым-қатынаста болады?
  Тоқылдақтар ағаш қабығының астындағы сүрегі жұмсақ уақталған қуыстан жәндіктерді теріп жейді. Мұндай ағаштарды көбіне ағашты бүлдіретін саңырауқұлақтар зақымдайды, бұл саңырауқұлақтар өздерін басқа ағашқа тасымалдайтын құстармен өзара симбиоз құрайды.

Сабақты қорытындылау

1. Жанды табиғаттың дамуында симбиоздың қандай маңызы бар деп ойлайсың?
2. Жануарлар мен өсімдіктердің байланысының арасында неге симбиоз алдыңғы қатарда тұр?

×
×

Корзина