Қоректік тізбек деген не? Қоректік тізбектің моделін жасау

- қоректік тізбектің құрылымын түсіндіресің және белгілі бір тіршілік ортасындағы қоректік тізбектің моделін жасай аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер және тапсырмаларды орында

1. Неліктен жануарларды өсімдікқоректі және жыртқыштар деп бөледі?
2. Қандай байланыс симбиоздық қарым-қатынас деп аталады?
3. «Тізбек» сөзіне синквейн құра.

Әсел зерттеу жұмысын ұсынады.

Зертте

  Мақсаты: тірі ағзалардың қоректенудегі бір-бірімен байланысын анықта.
  Болжамыңды мына сөздерден баста:
  «Барлық тіршілік иесі бір-бірімен байланысты, себебі олардың қоректенетін нысандары мыналар болып табылады …».
  Өз болжамыңды тексер
  1. Кез келген өсімдікқоректі ұсақ жануардың суретін сал.
  2. Ол немен қоректенеді? Алдына қорегінің суретін сал.
  3. Бұл жануар неден қорқу керек? Оны не жеп қоюы мүмкін? Оның суретін оң жағына сал.
  4. Ұсақ жануарлармен қоректенетін қандай ірі жануарларды білесің?
  Қорытынды жасап, оны дәптеріңе жаз.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Жер шарымыздағы кез келген тіршілік иесіне толыққанды дамуы үшін қорек керек, олар сол қоректен энергия алады.
  Сен жануарлардың белгілі бір тіршілік ету ортасына бейімделетінін білесің. Тірі ағзалар мен олардың тіршілік ету ортасынан тұратын біртұтас табиғи жүйені экожүйе деп атайды.
  Экожүйе табиғи және жасанды деп бөлінеді. Мысалы, табиғи экожүйеге шалғын жатады. Ол өздігінен табиғи жолмен пайда болған. Жасанды экожүйеге мысал келтіретін болсақ, ол – адам қолымен жасалған алқап. Алқап бұған дейін батпақты жер болуы да мүмкін.
  Құрлықтағы экожүйе және судағы экожүйе бар.
  Әрбір экожүйедегі тіршілік иелері бір-бірімен байланысты, себебі олар бірін-бірі қоректендіреді.
  Экожүйеде қоректік тізбек болады.

  Энергия көздерінен ағзалар қатары арқылы қуат алу қоректік тізбек деп аталады.

  Қуат экожүйе аумағында бір тіршілік иесінен екінші тіршілік иесіне өз ретімен табиғи түрде беріліп отырады.
  Барлық тізбек Күн энергиясынан бастау алады.
  Қоректік тізбек барлық тіршілік иесінің энергия алатынын, яғни қоректенетінін көрсетеді.
  Қоректік тізбектер тізбелерден (буындардан) тұрады. Онда 3–5 немесе одан да көп тізбелер болуы мүмкін.
  Қоректік тізбектің екі түрі бар.
  Бірінші түрі өсімдікпен қоректену тізбегі (немесе жайылымдық тізбегі) деп аталады.
  Бұл тізбектің алғашқылары өсімдіктер мен балдырлар болып табылады. Олар фотосинтез арқылы өздігінен қоректік заттар түзеді. Оларды өндірушілер деп атайды.
  Әрі қарай өсімдікқоректі жануарлар кетеді. Олар өсімдіктің белгілі бір бөлігімен (жапырағымен, дәнімен, гүлімен, тамырымен, тозаңымен) немесе өсімдікті түгел жеп қоректенуі мүмкін. Олар өздігінен қоректік заттар шығармайды. Оларды тұтынушылар деп атайды. Оларға бұғы, қоян, қой, жылқы, сиыр және жәндіктер жатады.
  Содан кейін жыртқыштар (ұсақ және ірі жыртқыштар) келеді. Қоректік тізбек ірі жыртқышпен (арыстан, сілеусін, акула, тұйғын) аяқталады.
  Құрлықтағы экожүйе:

Судағы экожүйе:

Құрлықтағы экожүйеге қарағанда, судағы экожүйеде тізбелер көп.

  Жануарлар қоректік заттарды түрлі көздерден алады. Бұл жыл мезгіліне және жануарлардың тіршілік ететін ортасына байланысты.
  Екінші түрі ыдырату тізбегі (детриттік) деп аталады. Ол шіріген ағзадан басталады. Олар Күн энергиясына тікелей тәуелді емес.

  Олар үшін бастысы – шіріген ағзалардағы заттар. Тізбек өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлардың қалдықтарынанбасталып, олар қоректенетін ұсақ жануарлар мен микроағзаларға қарай ауысуы мүмкін.

Деңгейлік қоректік тізбектің сызбасына қара.

Тәжірибелік жұмыс.

  1-топ
  Үш тізбеден тұратын қоректік тізбек құрастырып, суретін салыңдар.
  М ы с а л ы :

  2-топ
  Төрт тізбеден тұратын қоректік тізбек құрастырып, суретін салыңдар.
  М ы с а л ы :

  3-топ
  Бес тізбеден тұратын қоректік тізбек құрастырып, суретін салыңдар.
  М ы с а л ы :

  4-топ
  Алты тізбеден тұратын қоректік тізбек құрастырып, суретін
салыңдар.
  М ы с а л ы :

Қорытынды жасаңдар. Жұмыстарыңды талқылаңдар.

Сабақты қорытындылау

1. Неліктен барлық қоректік тізбек Күннен бастау алады деп ойлайсың?
2. Қоректік тізбектің екі түрін ата.
3. Экожүйе деген не?

×
×

Корзина