Жойылып бара жатқан жануарлар. Ұлттық саябақтар мен қорықтар

- жойылып бара жатқан жануарларға мысалдар келтіре аласың;
- ұлттық саябақтар мен қорықтардың қандай мақсатпен құрылғанын түсіндіре аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер және тапсырманы орында

1. Қоректік тізбек деген не?
2. Неліктен қоректік тізбектің кез келген тізбесін алып тастауға болмайды?
3. Қоректік тізбектің судағы экожүйесінде неліктен тізбе көп деп ойлайсың?
4. «Қорық» сөзіне кластер құра.

Суреттерге қараңдар.

Керқұлан (Пржевальский жылқысы)

Тұран жолбарысы

  Бұл жануарлар Қазақстан аумағында жойылып кеткен.
  Жануарлардың неліктен жойылып кететінін болжап айтыңдар. Олар неліктен азаяды? Жануарлар жойылып кетпеу үшін қандай шаралар қолдану керек?

Білу үшін оқы

  Соңғы он жыл ішінде Қазақстанның жануарлар дүниесі азайып келеді. Омыртқалы жануарлардың 126 түріне, омыртқасыздардың 96 түріне жойылып кету қаупі төніп тұр.
  Егер еліміздегі сирек кездесетін жануарларды қорғау тез арада қолға алынбаса, «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлардың көпшілігі толық жойылып кетуі мүмкін.
  Суреттегі мына бекіре-балықтың популяциясының жойылып кету қаупі төніп тұр. Азаю себебі: Арал теңізінің тұздануы мен құрғауы.

Бекіре-балық

Жетісу бақатісі

  Жетісу бақатісі – Жетісу Алатауында тіршілік етеді. Азаю себебі: суаттардың ластануы, су деңгейінің тұрақсыздығы.

  Сұр келес – Оңтүстік Қазақстандағы Қызылқұм шөлінде таралған. Азаю себебі: алқапты жырту, мал жаю, адамдардың қыруы.

Сұр келес

Қызғылт қоқиқаз

Қызғылт қоқиқаз – Қорғалжын қорығында және Теңіз көлінің солтүстік-шығыс жағалауында ұя салады. Азаю себебі: қаскөйлік (браконьерство), ұяларын су басу.

  Кіші аққу – Қазақстанда құстар қайтқанда ұшып өтеді және қыста Каспий теңізінде, Торғай өзенінің сағасында кездеседі. Азаю себебі: қаскөйлік.

Кіші аққу

  Кез келген дереккөздерінен жойылып бара жатқан жануарлар туралы мәліметтер тап.

  Сирек кездесетін және жойылу алдында тұрған жануарлар мен өсімдіктер түрлерін сақтау мақсатында Қазақстан аумағында 10 қорық құрылған: Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы.

Баянауыл ұлттық саябағы

  Қорық – сирек кездесетін және бағалы жануарлар мен өсімдіктер қорғауға алынып, ерекше сақталатын және шаруашылық пайдаланудан толық алынған аумақ.

  Ұлттық саябақтарда өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қатаң қорғауға алынған. Бұл саябақтар ағарту, ғылыми және мәдени мақсатта қолданылады. Мұнда демалуға, туризм мен таным-жорық ұйымдастыруға болады.
  Қазақстандағы алғашқы Баянауыл ұлттық саябағы 1985 жылы құрылды. Біздің елімізде 12 ұлттық саябақтар бар.

Қазақстандағы ұлттық саябақтардың аттарын тап. Олар қай жерлерде орналасқан?

Картаға қара (қосымша 3-ті қара). Қай қорықта қандай жануарлар қорғауға алынғанын анықта.

Сабақты қорытындылау

1. Ұлттық саябақтар мен қорықтар қандай мақсатпен құрылған деп ойлайсың?
2. Білетін қорықтарды ата.
3. Жануарларға неліктен қорықтарда өмір сүру жеңіл?

×
×

Корзина